БҰЙЫРАМЫН:
1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 16 шілдедегі № 56 Бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-163/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21568 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 110-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйырыққа қосымшаға сәйкес отырған темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескерту бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескерту";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді (бұдан әрі – темекі бұйымдары) сату жүзеге асырылатын орындарда жазу үшін темекі шегудің зияны туралы ескертулер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 110-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдары туралы ескерту жазбамен (бұдан әрі – Ескерту жазбасы) беріледі.";
2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда көрінетін жерде мынадай мазмұндағы: "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады" деген жазба орналастырылуға тиіс.".
2. "Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және саулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 115-бабы 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 115-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастапқы медициналық құжаттама нысандарын жүргізу және денсаулық сақтау саласындағы есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.";
44-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) зиянды әдеттер (темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, алкогольді тұтыну);"
3. "Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-285/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21846 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 92-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 92-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ЖДО жеке ғимаратта орналастырылады немесе пациенттердің (келушілердің) басқа ағындарымен қиылыспайтын, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолжетімді жеке кіру есігі болады.";
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) саламатты өмір салтын ұстану, оның ішінде пайдалы ұтымды тамақтану, физикалық белсендікті, спортпен айналысу, тамақтануды ілгерілету және насихаттау; аурулардың профилактикасы, мінез-құлықтың қауіп-қатер факторларының (нашақорлықты, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, алкогольді және басқа да психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың профилактикасы), ақпараттық-түсіндіру жұмысы, жасөспірімдер мен жастарға денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты аурулардың профилактикасы, оның ішінде репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша гигиеналық оқыту мәселелері.";
16-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) психологиялық көмек көрсету, психикалық денсаулықты сақтау үшін консультация беру, мінез-құлықтың қауіпті түрлерінің (оның ішінде өзін-өзі жаралау, суицидтік мінез-құлық), темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық тартудан туындаған тәуелділіктердің профилактикасы;";
29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мінез-құлықтық қауіп факторларының (темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, алкоголь, есірткі және басқа да психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну) профилактикасы";
48-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық тартылудан туындаған мінез-құлықтың тәуекелді нысандарының (өзін-өзі жаралау, суицидтік мінез-құлықты болғызбау) профилактикасы;";
51-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық құмар болудан туындаған мінез-құлықтың тәуекелді нысандарының (өзін-өзі жаралау, суицидтік мінез-құлық) профилактикасы;";
4. "Стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 3 наурыздағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32025 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 7-бабының 104-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".