БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9623 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Біліктілікті арттыру курсының міндетті сағаттары өзіне қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары бойынша теориялық және практикалық мәселелерді, Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және экономика, қаржы, аудит, менеджмент, салықтық, азаматтық, банктiк, сақтандыру және әлеуметтік заңнамалары саласында басқа мәселелерді және есепке алу процестерін ақпараттандыруды зерделеуді қамтиды.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |