ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 2-тармағының он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы 2024 жылғы 28 маусымдағы № 33 Қаулыға қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 201 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14310 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 16) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 16) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) болып табылатын банкаралық ақша аударымдары жүйесінің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Жүйенің операциялық орталығы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.";
4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жиынтық төлем хабары – бір ақша жөнелтушіден бір бенефициар банктің бірнеше бенефициарының пайдасына немесе бір ақша жөнелтуші банктің бірнеше ақша жөнелтушісінен бір бенефициардың пайдасына төлем хабары;".
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жүйеде "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 тіркелген) 21-тармағында көзделген төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын және әлеуметтік бағыттағы төлемдерді төлеуге қалыптастырылған төлем хабарлары, сондай-ақ жиынтық төлем хабарлары өңделеді.";
69-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Операциялық күнді бір сағатқа дейін ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банктің операциялық күнді ашу және жабу үшін жауапты бөлімшесінің (бұдан әрі – уәкілетті бөлімше) басшысы қабылдайды. Операциялық күнді бір сағаттан көп уақытқа ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары (бұдан әрі – Төрағаның орынбасары) қабылдайды.";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. Ұзарту туралы өтініш қағаз тасымалдағышта не электрондық тәсіл арқылы беріледі.
Қағаз тасымалдағышта не электрондық тәсіл арқылы берілген ұзарту туралы өтінішке пайдаланушының уәкілетті адамдары қол қояды. Ұзарту туралы өтінішке қол қою құқығына ие уәкілетті адамдардың тізімін атқарушы орган бекіткен ішкі құжат негізінде пайдаланушы өз бетінше белгілейді және уәкілетті адамдардың қол қою үлгілерімен бірге операциялық есепке алу бөлімшесіне жібереді.
Ұзарту туралы өтініш электрондық тәсіл арқылы берілген кезде жүйені пайдаланушы Ұлттық Банкке ұзарту туралы өтініштің түпнұсқасын қағаз тасымалдағышта жібереді.".
2. "Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 17) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 17) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) болып табылатын банкаралық клиринг жүйесінің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Жүйенің операциялық орталығы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жүйеге қатысу туралы шарт мыналарды қамтиды:
1) шарттың мәні;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
3) шарттың талаптарын орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
4) шарттың талаптарын өзгерту және бұзу тәртібі;
5) дауларды шешу тәртібі;
6) Орталықтың қызметтеріне ақы төлеу тәртібі;
7) ақпараттық қауіпсіздік, жасырындылық, банктік құпияны сақтау және дербес деректерді қорғау режимін сақтау тәртібі;
8) тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Орталықтың өндіретін және өткізетін тауарлардың жұмыстардың және жүйедегі қатысушыға көрсетілетін қызметтердің бағасын Орталық Ұлттық Банкпен келісе отырып бекітеді.";
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
"35-1. Орталық жиынтық төлем хабарының құрылымынан қателер анықтаған жағдайда, Орталық құрылымында қате жіберілген, оған салынған төлем хабарын қоспағанда, жиынтық төлем хабарын өңдейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларының 21-тармағында айқындалған төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қалыптастырылған жиынтық төлем хабарын Орталық оның құрылымында қателер анықталған кезде толығымен өңдемейді.".
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ISO 20022 халықаралық стандартын қолдануға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33851 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтың бірінші бөлігі және екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулы 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 2024 жылғы 11 қарашаға дейін Тізбенің 2-тармағының елу төртінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы абзацтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:".