"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 318 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 маусымда № 34669 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарының түсушілерін қоспағанда, түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.

      Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары топтары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсушілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар Оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші адамдар Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар Оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады.

      Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар ҰБТ-ді жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсуші адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ арнайы пән бойынша өткізіледі.

      "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысатындарды қоспағанда, шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар екі бейіндік бойынша ҰБТ тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарынан ауысатындарды қоспағанда, басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ тест тапсырмаларының саны:

      1) Қазақстан тарихы бойынша – 20;

      2) математикалық сауаттылық бойынша – 10;

      3) оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша – 10;

      4) бірінші бейіндік пән бойынша – 40;

      5) екінші бейіндік пән бойынша – 40.

      Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары топтары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тест тапсырмаларының саны:

      1) оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша – 10;

      2) бірінші бейіндік пән бойынша – 40;

      3) екінші бейіндік пән бойынша – 40.

      Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары топтары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін адамдарды қоспағанда, шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсуші Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін Оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тест тапсырмаларының саны – 10.

      Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ақылы негізде ауысуға ниет білдірген тұлғалар үшін ҰБТ тест тапсырмаларының саны:

      1) бірінші бейіндік пән бойынша – 40;

      2) екінші бейіндік пән бойынша – 40.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Қазақ тілін В1 (орта) деңгейден төмен емес меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ-ның "Қазақ тілі" бейіндік пәнінен немесе арнайы пәнінен тест тапсырудан босатылады және Үлгілік қағидалардың 4-2 тармағына және 2-2-қосымшасында белгіленген балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады және (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуларын аяқтаған бітірушілерге ҰБТ сертификаттары Үлгілік қағидалардың 4-3-тармағына және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы бітірушілерінің оқудағы нәтижелерінің сырттай бағалау балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы 2-3-қосымшаға сәйкес оқу нәтижелерінің сырттай бағалау балдарын ҰБТ-ның балдарына ауыстыру негізінде беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ҰБТ бойынша ең жоғары балл – 140 балл.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсетін тұлғалар үшін ҰБТ бойынша ең жоғары балл – 130 балл.

      Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары топтары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін адамдарды қоспағанда, шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсуші Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ бойынша ең жоғары балл –110 баллды құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 74-2-тармақпен толықтырылсын:

      "74-2. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (одан әрі - шектеу іс-шаралары) туындаған кезде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өтініштерді қабылдау және ҰБТ өткізу мерзімдеріне өзгеріс енгізеді.

      Шектеу іс-шаралары кезінде Осы Қағиданың 74-1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде жүргізілген ҰБТ-де төмен нәтижелер алған жағдайда республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсында түсушінің қалауы бойынша осы Қағиданың 74-1 тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдерде жүргізілген ҰБТ-дің ең жақсы нәтижесі ескеріледі.

      Бұл ретте түсуші 74-1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзімдегі ҰБТ қатысуы қажет.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. ҰБТ ұзақтығы - 240 минут (4 сағат).

      Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін жаттығуларға арналған 2 минут көлемінде үзіліс жүзеге асырылады.

      120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін жаттығуларға арналған 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

      180 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілер үшін тестілеу ұзақтығы – 70 минут.

      Қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары топтары бойынша даярлаудың ұқсас бағыттарына түсетін адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін тестілеудің ұзақтығы – 150 минут (2 сағат 30 минут).

      Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсуші Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін тестілеудің ұзақтығы – 20 минут.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша ЖЖОКБҰ – ның білім алушылары және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетіндер үшін тестілеу ұзақтығы-130 минут.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 120 минут (2 сағат) бөлінеді.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас даярлау бағыттары бойынша түсушілер үшін-80 минут.

      Мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) үшін тестілеуге қосымша 40 минут уақыт беріледі.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге академиялық адалдық принциптерін бұзуға, оның ішінде:

      аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз 10 минуттан артық шығуға;

      Бұл ретте төтенше, форс-мажорлық жағдайларды және/немесе түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;

      сөйлесуге, орын ауыстыруға;

      құжаттармен, кез келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;

      тестілеу материалдарын, құжаттарды және тест тапсырмаларымен жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парақты аудиториядан (компьютерлік сыныптан) алып шығуға, бүлдіруге;

      аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) Қағидалардың 75-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіруіне және/немесе қолдануына;

      тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;

      тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;

      тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

      тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 74-1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде ҰБТ тапсыратын тұлғаларға Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесі қосымша қағаз нұсқада беріледі.

      Түсуші аудиториядан шыққан жағдайда аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеріліп кіргізіледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрдің міндетін атқарушы
Т. Ешенкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

  2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 318 бұйрығына
қосымша
  Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу қағидаларына
1-қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламалары тобы

Бейіндік пәндер

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

В001

Педагогика және психология

Биология

География

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Биология

География

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Биология

География

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Физика

Математика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Математика

Информатика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Химия

Биология

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Биология

Химия

В014

География мұғалімдерін даярлау

География

Дүниежүзі тарихы

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс тілі

Орыс әдебиеті

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В019

Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Биология

География

В020

Арнайы педагогика

Биология

География

В120

Кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау (сала бойынша)

Физика

Математика

В021

Орындаушылық өнер

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В022

Музыкатану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В024

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В025

Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В026

Композиция

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В031

Сән, дизайн

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В099

Аспаптық орындау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В100

Вокалдық өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В101

Дәстүрлі музакалық өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В102

Эстрада өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В103

Кино және теледидар режиссурасы

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В104

Сахналық өнерлердің және цирк режиссурасы

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В105

Анимациялық режиссура

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В106

Операторлық және фото өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В107

Медиаөнер және сандық технологиялар

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В108

Сценография

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В109

Сәндік өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В110

Фэшн дизайны

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В032

Философия және этика

Дүниежүзі тарихы

География

В033

Дінтану және теология

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В034

Тарих

Дүниежүзі тарихы

География

В134

Археология және этнология

Дүниежүзі тарихы

География

В035

Түркітану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В135

Шығыстану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В036

Аударма ісі

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В037

Филология

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В038

Әлеуметтану

Математика

География

В039

Мәдениеттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В040

Саясаттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В140

Халықаралық қатынастар және дипломатия

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В041

Психология

Биология

География

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В044

Менеджмент және басқару

Математика

География

В045

Аудит және салық салу

Математика

География

В145

Мемлекеттік аудит

Математика

География

В046

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Математика

География

В047

Маркетинг және жарнама

Математика

География

В048

Еңбек дағдылары

Математика

География

В049

Құқық

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Биология

Химия

В051

Қоршаған орта

Биология

География

В052

Жер туралы ғылым

Математика

География

В053

Химия

Химия

Биология

В054

Физика

Физика

Математика

В055

Математика және статистика

Математика

Физика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Информатика

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Информатика

В158

Криптология

Математика

Информатика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Математика

Физика

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Физика

В061

Материалтану және технологиялар

Математика

Физика

В062

Электр техникасы және энергетика

Математика

Физика

В063

Электр техникасы және автоматтандыру

Математика

Физика

В064

Механика және металл өңдеу

Математика

Физика

В065

Көлік техникасы және технологиялар

Математика

Физика

В066

Теңіз көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В067

Әуе көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В167

Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану **********

Математика

Физика

В165

Магистральды желілер және инфрақұрылым

Математика

Физика

В166

Көліктік имараттар

Математика

Физика

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Биология

Химия

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Математика

Физика

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Математика

Физика

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Математика

Физика

В072

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Биология

В073

Сәулет

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В173

Гидромелиорация

Математика

Физика

В175

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру

Математика

Физика

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Математика

Физика

В126

Көлік құрылысы

Математика

Физика

В176

Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару

Математика

Физика

В075

Кадастр және жерге орналастыру

Математика

География

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Математика

Физика

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Химия

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Химия

В079

Орман шаруашылығы

Биология

География

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Химия

В081

Жерге орналастыру

Математика

Физика

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

Математика

Физика

В183

Агроинженерия

Математика

Физика

В083

Ветеринария

Биология

Химия

В091

Туризм

География

Шетел тілі

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

География

Шетел тілі

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Математика

Физика

В095

Көлік қызметтері

Математика

География

В090

Әлеуметтік жұмыс

Биология

География

В098

Спорт

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В084

Мейіргер ісі

Биология

Химия

В085

Фармация

Биология

Химия

ВМ086

Медицина

Биология

Химия

ВМ087

Стоматология

Биология

Химия

ВМ088

Педиатрия

Биология

Химия

В089

Қоғамдық денсаулық сақтау

Биология

Химия

ВМ089

Медициналық-профилактикалық іс

Биология

Химия

В096

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика