БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың актілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 894 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12144 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт;";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы № ___акт
20____ жылғы "___" ________ __________________________
"____" сағат "____" минут толтыру орны
1. Жедел ден қою шарасының түрі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органының атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген
түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні құрайтын тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және
лауазымы ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және оның басшысының тегі,
аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген түрлерін
тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні ресімдеу кезінде қатысқан бақылау
және қадағалау субъектісі өкілінің лауазымы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Жедел ден қою шарасын қолдану негізі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6. Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. 20___жылғы "____" __________ "____" сағат "____" минут пломба салынды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген
түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні алу немесе алудан бас тарту
туралы мәліметтер (күні мен бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе
бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің қолы)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
9. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе қызметінің жекелеген
түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні ресімдеген лауазымды
адамның қолы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________