"Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 маусымда № 34592 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 776 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19498 болып тіркелген) мынадай толықтыру ензілсін:

      Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қала құрылысы жобаларын әзірлеуді әдіснамалық сүйемелдеу.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі