БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Шикі газды қайта өндеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын және оны жіберу мерзімін бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) қоса беріліп отырған шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысаны;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында бекітілген нысан бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші қаңтарынан кешіктірілмей (есепті жыл ішінде шикі газды қайта өндеуді дамыту бағдарламасының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, есеп аяқталған және қолданыстағы шикі газды қайта өндеуді дамыту бағдарламалары бойынша да ұсынылады) шикі газды қайта өндеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептердің көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылардың жіберу мерзімі бекітілсін.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы