"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 маусымдағы № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 маусымда № 34554 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін (бұдан әрі – жерлерді пайдалану мониторингі) ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың санының "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) елу пайызынан аз болуы және (немесе) азық дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер мониторингінің нәтижелері бойынша жыл сайын, тиісті күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) қалыптастырады және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы оны аумақтық бөлімшеге жібереді.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жерлерді пайдалану мониторингінің қорытындылары бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерінің тізбесін және оны электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы тиісті шаралар қабылдау үшін аумақтық бөлімшеге жібереді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 213 бұйрығына
1-қосымша

  Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін берілген
ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
1- қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ПАШМЖУА-1 нысаны

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20 ___ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, тиісті күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін

Р/с №

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің, жер пайдаланушының) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері

Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесіне құқықтың тіркелген күні

Танап нөмірі

Танап алаңы, гектар

Жердің пайдаланылмағаны туралы ақпарат (құқық бұзушылық түрі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Атауы _______________________________________________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Телефоны____________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы__________________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам______________________________

                              (электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  "Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін берілген,
пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жер учаскелері туралы ақпарат"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары толтырады.

      3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесінің меншік иесінің, жер пайдаланушының) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында жер учаскесінің жалпы алаңы, гектармен көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында жер учаскесіне құқықтың тіркелген күні көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында танап нөмірі көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында гектардағы танап алаңы, гектармен көрсетіледі.

      14. Нысанның 9-бағанында жердің пайдаланылмағаны туралы ақпарат (бұзушылық түрі) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 213 бұйрығына
2-қосымша

  Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін берілген
ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерінің тізбесі

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: МБПҚРЗБПЖУТ-2 нысаны

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы ____ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін

Р/с №

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің, жер пайдаланушының) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері

Ауыл шаруашылығы алқаптарының түрі

Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесіне құқықтың тіркелген күні

Танап нөмірі

Танап алаңы, гектар

Жердің пайдаланылмағаны туралы ақпарат (бұзушылық түрі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Атауы ___________________________________________________________________

      Мекенжайы______________________________________________________________

      Телефоны________________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы_____________________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________________

                                                (электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      ________________________________________________________________________

                                    (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

  "Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізуге
арналған мақсаты бойынша
пайдаланылмайтын не
Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұза отырып
пайдаланылып жатқан жер
учаскелерінің тізбесі"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерінің тізбесі" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерінің тізбесі" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар толтырады.

      3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысанды жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін ұсынады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің, жер пайдаланушының) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында ауыл шаруашылығы алқаптарының түрі көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында жер учаскесінің жалпы алаңы, гектармен көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында жер учаскесіне құқықтың тіркелген күні көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында танап нөмірі көрсетіледі.

      14. Нысанның 9-бағанында танап алаңы, гектармен көрсетіледі.

      15. Нысанның 10-бағанында жердің пайдаланылмағаны туралы ақпарат (бұзушылық түрі) көрсетіледі.