ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі 1-тармағының он үшінші абзацын, 2, 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2024 жылғы 14 маусымдағы № 193 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж емес адамға (отбасына) қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 198 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32685 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы";
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж емес адамға (отбасына) қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын::
"Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары":
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 133-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қызметтерді алушы – қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға жүгінген, сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген адам;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар.";
3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес болуы тиіс.
4. Қызметтердің көрсетілуіне мұқтаж адам немесе оның заңды өкілі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіге мынадай құжаттарды ұсыну жолымен жүгінеді:
1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініші;
2) қызметтерді алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Стандарттарға сәйкес нысандар бойынша медициналық карта;
4) құқықбұзушылық жасаған адамға ерекше талаптар белгілеген құжат.";
6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектінің басшысы ақылы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайда, олардың арасында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының қаражаты есебінен қызметтер көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалады.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" № 205 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 32724 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер (бұдан әрі – жеткізушілер) – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;";
3. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 261 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32920 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер (бұдан әрі – жеткізушілер) – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;";
4. "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифін қалыптастыру ережесінде:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер (бұдан әрі – жеткізушілер) – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер (бұдан әрі – жеткізушілер) – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;".