БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13584 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция, Ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңорынбасары – Ұлттықэкономика министрі |
__________Н. Байбазаров |
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетінатқарушы |
__________А. Бижанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің)
қызметіне қойылатын талаптардың бұзылу дәрежелері
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | ||
1 | Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы | Елеулі |
2 | Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарын сақтауы | Өрескел |
3 | Тауар биржасының өткізілген биржалық сауда-саттық бойынша ай сайынғы есепті монополияға қарсы органға уақтылы ұсынуы (ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей) | Елеулі |
4 | Тауар биржасының өз интернет-ресурсының арнайы бөлімінде стандартталған тауарларға белгіленімдерді белгіленген мерзімде орналастыруы | Елеулі |
5 | Тауар биржасының өз интернет-ресурсында кепілдік және сақтандыру қорларының ағымдағы мөлшері туралы ақпаратты жариялауы | Елеулі |
6 | Тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесін өз интернет-ресурсының арнайы бөлімінде орналастыру | Елеулі |
7 | Сауда режимдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тауар биржасының биржалық сауда-саттықты өткізуі | Өрескел |
8 | Тауар биржасының биржалық тауарлар тізбесінде көрсетілген биржалық тауарларды тек қана қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізу туралы талапты сақтауы | Өрескел |
9 | Тауар биржасының биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімді қабылдаудан бас тартуды ұсыну үшін негіздер болған кезде, оны қабылдаудан бас тартуын ұсынбауы | Өрескел |
10 | Тауар биржасы биржалық сауданың барлық қатысушыларына биржалық мәмілелер жасасу бойынша тең жағдайларды қамтамасыз етуі | Өрескел |
11 | Тауар биржасының биржалық сауда-саттық нәтижелерін меншік интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы (әрбір сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша келесі жұмыс күнінен кешіктірмей) | Өрескел |
12 | Тауар биржасының стандартталмаған тауарлар бойынша жасалатын мәмілелердің жеке есебін жүргізуі | Елеулі |
13 | Тауар биржасының тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануға тыйым салу туралы талаптарды сақтауы | Өрескел |
14 | Тауар биржасының тауар биржасының атынан және есебінен биржалық мәмілелер жасауға тыйым салу туралы талаптарды сақтауы | Өрескел |
15 | Тауар биржасының өз интернет-ресурсында бекітілген ішкі құжаттарды орналастыруы | Елеулі |
16 | Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты өткізу кестесін өзінің интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы (сауда-саттық басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын) | Өрескел |
17 | Тауар биржасының үміткерді аккредиттеу туралы шешімді уақтылы қабылдауы (өтініш пен тиісті құжаттарды қабылдаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде) | Өрескел |
18 | Тауар биржасының үміткерді аккредиттеуден бас тартқан кезде негіздемелерді сақтауы | Өрескел |
19 | Тауар биржасының тауар биржасы мүшесін аккредиттеуді тоқтата тұру кезінде негіздемелерді сақтауы | Өрескел |
20 | Тауар биржасының тауар биржасында аккредиттеуді тоқтату кезінде негіздемелерді сақтауы | Өрескел |
21 | Тауар биржасында брокерлік және дилерлік аккредиттеуді жою туралы негізделген шешім қабылдау | Өрескел |
22 | Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы талапты сақтауы | Өрескел |
23 | Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржалық тауарларға белгіленімдерді орналастыруы | Елеулі |
24 | Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уақтылы беру | Елеулі |
25 | Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін ол туралы дереу уәкілетті органға хабарлау) | Өрескел |
26 | Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады) | Өрескел |
27 | Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды уақтылы ұсыну ( бақылау субъектісі күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей береді) | Өрескел |
28 | Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шаралар қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау | Өрескел |
29 | Тауар биржасы әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы | Елеулі |
30 | Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау (клиентті оның өкілі мен бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы қаржы мониторингі субъектілерінің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтердің дұрыстығын тіркеу және тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуден, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын, клиент және олардың өкілдері туралы мәліметтерді белгілеу және тіркеуден тұрады) | Елеулі |
31 | Бақылау субъектілерінің клиентке ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтату жөніндегі міндеттерді орындауы | Өрескел |
32 | Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы талаптарды қамтитын ішкі бақылау қағидаларының болуы | Өрескел |
33 | Қабылдаған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі | Өрескел |
Біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру үшін | ||
1 | "Тауар биржасы" акционерлік қоғамы" атауын және қоғамның атауын қамтитын тауар биржасының фирмалық атауының болуы | Өрескел |
2 | Биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы | Өрескел |
3 | Бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істеп тұрған тауар биржасының өз интернет-ресурсының болуы | Өрескел |
4 | Клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешені бар тауар биржасының клирингтік орталығының болуы | Өрескел |
5 | Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес тек стандартталмаған тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталының болуы | Өрескел |
6 | Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес биржалық тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталының болуы | Өрескел |
7 | білім деңгейіне (бірінші басшы үшін – жоғары білім, басшылық лауазымдарды атқармайтын жұмыскерлер үшін – жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін – биржалық қызмет саласында және (немесе) қаржы ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл) сәйкес келетін тауар биржасы жұмыскерлерінің білікті құрамы және экономикалық қызмет пен сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыстар жасағаны үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін) | Өрескел |
8 | Уәкілетті органмен келісілген (егер мұндай келісім міндетті болып табылса) және тауар биржасы бекіткен (қабылдаған) тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызметтер көрсету, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті реттейтін тауар биржасының ішкі құжаттарының болуы | Өрескел |
Тексеру парағы
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тауар биржасына қатысты
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
Тексеруді/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
_____________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің атауы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Орналасқан жерінің мекенжайы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдалану, биржалық мәмілелерді тіркеу және ресімдеу төлемдерінің бекітілген мөлшерлерінің болуы | ||
2 | Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарын сақтауы | ||
3 | Тауар биржасының өткізілген биржалық сауда-саттық бойынша ай сайынғы есепті монополияға қарсы органға уақтылы ұсынуы (ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей) | ||
4 | Тауар биржасының өз интернет-ресурсының арнайы бөлімінде стандартталған тауарларға белгіленімдерді белгіленген мерзімде орналастыруы | ||
5 | Тауар биржасының өз интернет-ресурсында кепілдік және сақтандыру қорларының ағымдағы мөлшері туралы ақпаратты жариялауы | ||
6 | Тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесін өз интернет-ресурсының арнайы бөлімінде орналастыру | ||
7 | Сауда режимдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тауар биржасының биржалық сауда-саттықты өткізуі | ||
8 | Тауар биржасының биржалық тауарлар тізбесінде көрсетілген биржалық тауарларды тек қана қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізу туралы талапты сақтауы | ||
9 | Тауар биржасының биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімді қабылдаудан бас тартуды ұсыну үшін негіздер болған кезде, оны қабылдаудан бас тартуын ұсынбауы | ||
10 | Тауар биржасы биржалық сауданың барлық қатысушыларына биржалық мәмілелер жасасу бойынша тең жағдайларды қамтамасыз етуі | ||
11 | Тауар биржасының биржалық сауда-саттық нәтижелерін меншік интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы (әрбір сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша келесі жұмыс күнінен кешіктірмей) | ||
12 | Тауар биржасының стандартталмаған тауарлар бойынша жасалатын мәмілелердің жеке есебін жүргізуі | ||
13 | Тауар биржасының тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуына, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүддесіне пайдалануға тыйым салу туралы талаптарды сақтауы | ||
14 | Тауар биржасының тауар биржасының атынан және есебінен биржалық мәмілелер жасауға тыйым салу туралы талаптарды сақтауы | ||
15 | Тауар биржасының өз интернет-ресурсында бекітілген ішкі құжаттарды орналастыруы | ||
16 | Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты өткізу кестесін өзінің интернет-ресурсында уақтылы орналастыруы (сауда-саттық басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын) | ||
17 | Тауар биржасының үміткерді аккредиттеу туралы шешімді уақтылы қабылдауы (өтініш пен тиісті құжаттарды қабылдаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде) | ||
18 | Тауар биржасының үміткерді аккредиттеуден бас тартқан кезде негіздемелерді сақтауы | ||
19 | Тауар биржасының тауар биржасы мүшесін аккредиттеуді тоқтата тұру кезінде негіздемелерді сақтауы | ||
20 | Тауар биржасының тауар биржасында аккредиттеуді тоқтату кезінде негіздемелерді сақтауы | ||
21 | Тауар биржасында брокерлік және дилерлік аккредиттеуді жою туралы негізделген шешім қабылдау | ||
22 | Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге қызметті жүзеге асыруға тыйым салу туралы талапты сақтауы | ||
23 | Тауар биржасының өз интернет-ресурсында биржалық тауарларға белгіленімдерді орналастыруы | ||
24 | Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уақтылы беру | ||
25 | Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін ол туралы дереу уәкілетті органға хабарлау) | ||
26 | Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға күдікті операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады) | ||
27 | Қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды уақтылы ұсыну ( бақылау субъектісі күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей береді) | ||
28 | Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шаралар қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау | ||
29 | Тауар биржасы әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы | ||
30 | Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдау жөніндегі талаптарды сақтау (клиентті оның өкілі мен бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы қаржы мониторингі субъектілерінің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтердің дұрыстығын тіркеу және тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуден, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын, клиент және олардың өкілдері туралы мәліметтерді белгілеу және тіркеуден тұрады) | ||
31 | Бақылау субъектілерінің клиентке ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтату жөніндегі міндеттерді орындауы | ||
32 | Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы талаптарды қамтитын ішкі бақылау қағидаларының болуы | ||
33 | Қабылдаған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі |
Лауазымды адам (-дар) _________________________ __________________
лауазымы қолы
________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы______________________ ______________
лауазымы қолы
________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексеру парағы
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тауар биржасына қатысты
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | "Тауар биржасы" акционерлік қоғамы" атауын және қоғамның атауын қамтитын тауар биржасының фирмалық атауының болуы | ||
2 | Биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы | ||
3 | Бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істеп тұрған тауар биржасының өз интернет-ресурсының болуы | ||
4 | Клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешені бар тауар биржасының клирингтік орталығының болуы | ||
5 | Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес тек стандартталмаған тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталының болуы | ||
6 | Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес биржалық тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталының болуы | ||
7 | білім деңгейіне (бірінші басшы үшін – жоғары білім, басшылық лауазымдарды атқармайтын жұмыскерлер үшін – жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін – биржалық қызмет саласында және (немесе) қаржы ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл) сәйкес келетін тауар биржасы жұмыскерлерінің білікті құрамы және экономикалық қызмет пен сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыстар жасағаны үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін) | ||
8 | Уәкілетті органмен келісілген (егер мұндай келісім міндетті болып табылса) және тауар биржасы бекіткен (қабылдаған) тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызметтер көрсету, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті реттейтін тауар биржасының ішкі құжаттарының болуы |
Лауазымды адам (-дар) _________________________ ___________________
лауазымы қолы
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы______________________ ______________
лауазымы қолы
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)