ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 № 586 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-жолмен толықтырылсын:
"
35 | ҚР ҚМ МКК Aқтөбе облысы бойынша МКД Aқтөбе қаласы бойынша МКБ | 0618 |
";
реттік нөмірі 36 алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын:
"
47-1 | ҚР ҚМ МКК Алматы облысы бойынша МКД Алатау қаласы бойынша МКБ | 0925 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-1 және 77-2-жолмен толықтырылсын:
"
77-1 | ҚР ҚМ МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД Үлкен Нарын ауданы бойынша МКБ | 1817 |
77-2 | ҚР ҚМ МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД Марқакөл ауданы бойынша МКБ | 1818 |
";
реттік нөмірі 177 және 178-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
177 | ҚР ҚМ МКК Павлодар облысы бойынша МКД Тереңкөл ауданы бойынша МКБ | 4507 |
178 | ҚР ҚМ МКК Павлодар облысы бойынша МКД Аққулы ауданы бойынша МКБ | 4508 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 263-1 және 263-2-жолмен толықтырылсын:
"
263-1 | ҚР ҚМ МКК Абай облысы бойынша МКД Жаңасемей ауданы бойынша МКБ | 7112 |
263-2 | ҚР ҚМ МКК Абай облысы бойынша МКД Мақаншы ауданы бойынша МКБ | 7113 |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Министр финансов Республики Казахстан |
М. Такиев |