"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 маусымда № 34462 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      10-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде айқындалған, олар болған жағдайда шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды, персоналдың нормативтік санын қолдану.

      Осы тармақшаның күші тарифтік реттеудің шығындық әдісінен тарифтік реттеудің ынталандыру әдісіне өткен жағдайда тарифті бекіту кезінде қолданылады.";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер үшін тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті айқындау ерекшеліктерін көздейді.

      Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілерді тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифтерді қалыптастыру және бекіту осы Қағидалардың 2-тарауының 3-1-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Тарифтің қолданылу кезеңінде субъект жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.

      Тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып тарифті бекіту кезінде субъект жыл сайын уәкілетті органның ведомствосына, мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға есепті жылы нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субъектілер қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді ұсынады.

      Тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып есеп реттеу жыл аяқталғанға дейін екі ай бұрын ұсынылады.

      Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке қоса берілетін есептер мен негіздеуші материалдарды субъект реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындайды.";

      208-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-7. Субъектінің тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдануға экономикалық және технологиялық дайындығына байланысты реттеу кезеңі жыл сайын әр жылдың 1 қаңтарынан немесе 1 шілдесінен басталады.";

      208-31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-31. Осы Қағидалардың 208-30-тармағында көрсетілген ең аз үлестерді уәкілетті органның ведомствосы субъект ұсынған материалдар негізінде айқындайды. Ең аз үлестер амортизацияның болжамды нормасынан 100%-ға дейінгі деңгейде және болжамды жол берілетін пайдадан 50%-ға дейінгі деңгейде белгіленеді.";

      208-35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-35. Инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтінімді электрондық нысанда "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы:

      субъектілердің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген субъект уәкілетті органның ведомствосына және тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға бір мезгілде;

      осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді және делегацияланған субъектілерді қоспағанда, Субъектілердің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген субъект уәкілетті органның ведомствосына және тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға және (немесе) жергілікті атқарушы органға бір мезгілде ұсынылады.

      Инвестициялық бағдарлама тариф қолданысының реттеу жылына бекітіледі.

      Тариф белгілеудің ынталандырушы әдісі бойынша инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын осы Қағидалардың 341-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып, тиісті реттеу жылына арналған іс-шараларды кейіннен бекіте отырып, бір жылға және одан да көп уақытқа бекітуге жол беріледі және оны уәкілетті органның ведомствосы және тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) субъектінің инвестициялық бағдарламасының жобасын қарайтын жергілікті атқарушы орган ол бекітуге ұсынылған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Егер инвестициялық бағдарлама бір жылға немесе одан да көп уақытқа бекітілген жағдайда, келесі реттеу жылдарына арналған инвестициялық бағдарламаны орындауға арналған сома реттеу кезеңнің әр жылына бөлінеді және амортизациялық аударымдар мен пайданы ескере отырып түзетіледі.";

      208-39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-39. Егер инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінімді қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болса, уәкілетті органның ведомствосы оны жазбаша түрде, мерзімін бес жұмыс күнінен кем қылмай белгілей отырып сұратады.";

      208-49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-49. Субъект уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бір мезгілде тарифті өзгертусіз, бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен ағымдағы реттеу жылының 1 қаңтарынан кешіктірмей жүгінеді:

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 қаңтарынан басталған жағдайда – ағымдағы реттеу жылының 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 шілдесінен басталған жағдайда – ағымдағы реттеу жылының 1 қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде.";

      208-55, 208-56, 208-57 және 208-58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-55. Субъект субъектіге тәуелді емес себептер бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаған жағдайда (шарттың екінші тарапының міндеттемелерін еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан орындамауы), бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдері келесі реттеу жылына ауыстырылады:

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 қаңтарынан басталған жағдайда – олар іске асырылған жылдан кейінгі 1 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде;

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 шілдесінен басталған жағдайда – олар іске асырылған жылдан кейінгі 1 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде.

      Инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдерін қайта ауыстыруға жол берілмейді.

      208-56. Субъект уәкілетті орган ведомствосының және тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның мекенжайына осы Қағидалардың 208-55-тармағында көзделген жағдайлардың басталғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішті:

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 қаңтарынан басталған жағдайда – инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары іске асырылған жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 шілдесінен басталған жағдайда – инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары іске асырылған жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

      208-57. Тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның ведомствосына субъектінің инвестициялық бағдарламасына өзгерістер енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны:

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 қаңтарынан басталған жағдайда – 15 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде;

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 шілдесінен басталған жағдайда – 15 наурыздан кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

      208-58. Субъектінің инвестициялық бағдарламасын өзгерту туралы шешім уәкілетті орган ведомствосының және тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның бірлескен бұйрығымен:

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 қаңтарынан басталған жағдайда – 1 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде;

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 шілдесінен басталған жағдайда – 1 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде ресімделеді.";

      208-73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-73. Келесі реттеу кезеңіне тариф бекітуге арналған өтінім шеңберінде субъект уәкілетті органның ведомствосына келесі реттеу кезеңнің әрбір жылына бақыланбайтын шығындардың болжамын ұсынады. Бақыланбайтын шығындар болжамы өтінім бергенге дейінгі соңғы төрт тоқсандағы нақты деректерді талдауды ескере отырып, негіздемелермен, есептеулермен және растайтын құжаттармен және мәліметтермен бірге реттеу кезеңіндегі санаттар бойынша қалыптастырылады.";

      208-81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-81. Бірінші реттеу кезеңінің бірінші жылының бақыланатын шығыстары егжей-тегжейлі талдау жүргізу жолымен айқындалған және өтінім берудің алдындағы жылғы инфляцияның нақты деңгейін ескере отырып, осы Қағидаларда белгіленген қағидаттарға сәйкес өтінім берудің алдындағы күнтізбелік жылғы нақты шығындардың көрсеткіштері (параметрлері) бойынша қабылданады.";

      208-92-тармақ алып тасталсын;

      208-93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-93. Субъект уәкілетті органның ведомствосына, тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген мерзімдерде, осы Қағидаларға 145-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мынадай мәліметтерді:

      1) инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың нақты шарттары, көздері және мөлшері туралы ақпаратты;

      2) инвестициялық бағдарламаны орындаудың нақты көрсеткіштерін осы Қағидаларға 144-қосымшаға сәйкес нысаналы көрсеткіштер тізбесіне сәйкес инвестициялық бағдарламада бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;

      3) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламадағы көрсеткіштерден ауытқу себептерінің негіздерін;

      4) инвестициялық бағдарлама іс-шараларының нақты орындалуын растайтын материалдарды (шарттардың, орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелері, теңгерімдік және қалдық құнын, қызмет ету мерзімін, жылдық амортизацияны көрсете отырып, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілік тізбесі) көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті ұсынады.";

      208-112-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      208-113. алып тасталсын;

      208-115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-115. Тәуекелсіз мөлшерлеме тарифті бекітуге өтінімді қарау кезінде уәкілетті орган ведомствосының шешімі қабылданған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ағымдағы базалық мөлшерлемесіне сәйкес белгіленеді.";

      208-131, 208-132 және 208-133-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-131. Уәкілетті органның ведомствосы реттеу кезеңі үшін электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін сапа мен сенімділіктің мынадай көрсеткіштері:

      1) жүйенің жұмысындағы үзіліс ұзақтығының орташа индексі (SAIDI) – әлемде жалпыға ортақ қабылданған қағидаларға сәйкес ұзақ мерзімді жоспардан тыс ажыратулардың орташа ұзақтығы, сағат;

      2) жүйенің жұмысындағы үзіліс ұзақтығының орташа индексі (SAIFI) – әлемде жалпыға ортақ қабылданған қағидаларға сәйкес ұзақ мерзімді жоспардан тыс ажыратулардың орташа жиілігі, сағат;

      3) инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды уақтылы орындау;

      4) желілердегі аварияларды жою уақыты, сағат;

      5) табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзушылықтар саны, бірлік;

      6) нормативтік ысыраптар деңгейін төмендету, %;

      7) жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау;

      8) реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша кәсіпорындарға инновациялық технология енгізу;

      9) басшы құрамның біліктілік талаптарын сақтау;

      10) негізгі құралдардың тозуын азайту үшін салмақ коэфиценттерін бекітеді.

      208-132. Уәкілетті органның ведомствосы жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін сапа мен сенімділіктің мынадай көрсеткіштері:

      1) бір жылда жылу энергиясын өндіру көздері бойынша температуралық кестенің жол берілетін мәндерінен ауытқу болуы расталған күндер саны, күндер;

      2) авариялар саны, бірлік;

      3) инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды уақтылы орындау;

      4) жылу энергиясының нормативтік ысыраптарының деңгейін төмендету, %;

      5) табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзушылықтар саны, бірлік;

      6) реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша кәсіпорындарға инновациялық технологияны енгізу;

      7) жөндеуді (реконструкциялауды, жаңғыртуды, ауыстыруды) уақтылы аяқтау;

      8) желілердегі аварияларды жою уақыты, сағат;

      9) басшы құрамның біліктілік талаптарын сақтау;

      10) негізгі құралдардың тозуын азайту үшін салмақ коэффиценттерін бекітеді.

      208-133. Уәкілетті органның ведомствосы сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілер үшін сапа мен сенімділіктің мынадай көрсеткіштері:

      1) ауыз суды тасымалдаудың технологиялық процесінде тұтынылатын электр энергиясының тасымалданатын су көлемінің бірлігіне (кВт*сағ/текше м) үлес шығысы;

      2) инвестициялық бағдарлама іс-шараларының мерзімінде толық көлемде орындалуы;

      3) судың нормативтік ысыраптары деңгейінің төмендеуі, %;

      4) табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзушылықтар саны, бірлік;

      5) жөндеу жұмыстарын уақтылы орындау;

      6) авариялар саны, бірлік;

      7) рұқсат етілген төгінділердің белгіленген нормативтеріне, төгінділерге арналған лимиттерге сәйкес келмейтін сарқынды сулар сынамаларының үлесі/ауыз су сапасын өндірістік бақылау нәтижесі бойынша пайдаланылған сынамалардың жалпы көлемінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тарату су құбыры желісіндегі ауыз су сынамаларының үлесі, %;

      8) реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша кәсіпорындарға инновациялық технологияны енгізу;

      9) басшы құрамның біліктілік талаптарын сақтауы;

      10) негізгі құралдардың тозуын азайту үшін салмақ коэффиценттерін, % бекітеді.";

      208-135 және 208-136-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-135. Уәкілетті органның ведомствосы субъектінің сыйлықақыларын есептеу мақсаттары үшін сапа мен сенімділіктің әрбір көрсеткішіне салмақ коэффициенттерін белгілейді.

      Сапа және сенімділік көрсеткіштерін бекіту кезінде уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметін жақсарту үшін тиісті теріс көрсеткіштерді айқындайды.";

      208-136. Осы Қағидалардың 208-131, 208-132 және 208-133-тармақтарында көрсетілген сапа мен сенімділіктің барлық көрсеткіштері бойынша салмақ коэффициенттерінің сомасы субъекті үшін 100%-ға тең.

      Егер Cубъект сапа және сенімділік көрсеткіштерінің толық тізімін ұсынбаса, Субъект уәкілетті органның ведомствосына олардың салмақтық үлестерін бекітілген сапа мен сенімділік көрсеткіштеріне қосу үшін есепке алынбаған көрсеткіштер туралы талдау және/немесе есептеулер ұсынады.

      Есепке алынбаған көрсеткіштер туралы талдау және/немесе есептеулер болмаған кезде уәкілетті органның ведомствосы есепке алынбаған әрбір сапа мен сенімділік көрсеткішінің үлесін барлық салмақ коэффициенттерінен 10% мөлшерінде алып тастайды.

      Салмақ коэффициентін айқындау кезінде уәкілетті органның ведомствосы сапа мен сенімділік көрсеткішін мынадай басымдық бойынша есептейді:

      1) X-ке теңестірілген басымдығы төмен көрсеткіш, бұл ретте көрсеткіштің шамасы кемінде 1%, бірақ 2%-дан аспайды;

      2) басымдығы төмен көрсеткіштен кейінгі келесі көрсеткіш Х+У-ке тең, бұл ретте У көрсеткішінің шамасы кемінде 1%, бірақ 2%-дан аспайды;

      3) ең басым екі көрсеткіш (Х+У)*К, мұндағы К шамасы сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің санына тең.

      Сапа мен сенімділіктің қалған көрсеткіштері бойынша салмақ коэффициенті ең басым екі көрсеткіштен аспайтын қалдық қағидаты бойынша біркелкі бөлінеді.";

      208-144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-144. Жыл сайынғы түзету шеңберінде субъект уәкілетті органның ведомствосына бірінші реттеу жылын қоспағанда, келесі реттеу жыл аяқталғанға дейін екі ай бұрын жыл сайын тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есепті ұсынады.

      Субъект тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есепті қалыптастыру кезінде соңғы он екі айда қалыптасқан нақты көрсеткіштерді қолданады.

      Тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есепке мыналар:

      1) әрбір көрсеткіш бойынша – жоспарлы және нақты көрсеткіштер;

      2) нысаналы көрсеткішпен салыстырғанда нақты көрсеткіштер негізінде есептелген әрбір көрсеткіш бойынша әр жылғы айыппұл мөлшерлемесі қоса беріледі.";

      208-149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-149. Субъект жалпы ынталандыру айыппұлының 70% шамасына алып келген және реттеу кезеңінде екі реттен астам тиімділік көрсеткіштеріне жүйелі түрде қол жеткізбеген кезде, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін ескере отырып, келесі реттеу кезеңіне арналған тарифті бекітуді шектейді.";

      208-151 және 208-152-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-151. Жыл сайынғы түзету мынадай мәндердің сомасы ретінде есептеледі:

      1) бекітілген тарифтерді есептеу үшін пайдаланылатын реттеу кезеңінің t жылы ішінде ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің бекітілген көлемі мен реттеліп көрсетілетін қызметтің нақты көлемі арасындағы айырма;

      2) жол берілетін кіріске енгізілген бақыланбайтын шығындардың болжамды мәні мен бақыланбайтын шығындардың нақты мәні арасындағы айырма;

      3) амортизациялық аударымдарды және (немесе) жол берілетін пайданы түзету түріндегі бекітілген және нақты күрделі шығындар арасындағы айырма үшін өтемақы;

      4) 3 пайыздық тармақтан асқан жағдайларда нақты және болжамды инфляция арасындағы айырма. Мұндай жағдайда бақыланатын шығындар, реттеу кезеңінің бірінші жылының бақыланатын шығындарын қоспағанда, субъектінің негіздеме қоса берілген өтінімі негізінде өткен жылдың нақты инфляциясы деңгейіне түзетіледі.

      Пайыздық тармақ пайызбен көрсетілген екі мән айырмашылығының өлшем бірлігі болып табылады.

      208-152. Субъект жыл сайын реттеу жылы аяқталғанға дейін уәкілетті органның ведомствосына:

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 қаңтарынан басталған жағдайда – әр жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде;

      реттеу кезеңі әр жылдың 1 шілдесінен басталған жағдайда – әр жылдың 1 мамырынан кешіктірілмейтін мерзімде түзетуге өтінім береді.

      Бұл ретте реттеу жылы аяқталғанға дейін ұсынылған түзетуге өтінім әрбір реттеу жылының 9 айындағы нақты көрсеткіштерді және 3 айындағы болжамды көрсеткіштерді ескере отырып, растайтын құжаттар мен есептеулер:

      1) келесі жылдан бастап қолдануға ұсынылатын бақыланбайтын шығындарды, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін;

      2) осы Қағидаларға сәйкес активтердің қалдық құнының өзгерістерін, тиімділік көрсеткіштерінің сақталуын және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуын ескере отырып, амортизациялық аударымдар мен жол берілетін пайданы;

      3) тариф түзетілгеннен кейін келесі жылға ұсынылатын тарифті растайтын құжаттар мен есептемелер негізінде қалыптастырылады.";

      208-160-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) болжамды және нақты инфляция арасындағы 3%-дан астам айырмаға бақыланатын шығындар бойынша түзетуді қамтиды.";

      208-168-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-168. Бақыланатын шығындар бойынша инфляцияға түзету реттеу кезеңінің өткен жылындағы нақты инфляция бақыланатын шығындарды белгілеу кезінде қолданылатын, осы жылға болжамды инфляциядан ең аз дегенде 3 пайыздық тармаққа жоғары немесе төмен нақты инфляция ретінде есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 384-1-тармақпен толықтырылсын:

      "384-1. Инвестициялық бағдарламаны іске асыруға субъектінің меншікті қаражаты жіберілген жағдайда, инвестициялық жобаны іске асыру үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштері диапазонының орташа мәні (инфляция) ескеріле отырып есептеледі.";

      541-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "541. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін ұсынатын субъектілер үшін, сондай-ақ уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті осы Қағидалардың 601-тармағының 4) тармақшасының негізінде оның мерзімі өткенге дейін өзгертуді жүзеге асыратын субъектілер үшін пайда мөлшерлемесі елу пайыздан аспайтын мөлшерде қабылданады.

      Қаржыландыру көздері инвестиция көлемдерінен асып түскен кезде инвестицияларды қаржыландыру көздері ретінде амортизациялық аударымдар мен қарыз қаражатының пайдаланылуы ескеріле отырып, пайда инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін қажет деңгейге дейін төмендеу жағына қарай түзетіледі.

      Егер сумен жабдықтау және (немесе) су бұру көрсетілетін қызметтеріне тарифтің жоспарлы деңгейі қосылған құн салығынсыз бір текше метр үшін екі жүз теңгеден асып түссе, пайда мөлшерлемесі тарифті бекітуге өтінім беру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі деңгейінде қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 542-1-тармақпен толықтырылсын:

      "542-1. Инвестициялық бағдарламада ескерілген негізгі құралдардың қалдық құны 30%-дан аз болған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған қосымша қаржыландыру негізгі құралдарын тозған құнның 0,5%-на дейінгі коэффициентке көбейту жолымен есептейді.";

      631-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін өз қаражатынан және жеңілдікті кредиттеуден тартылған сыйақылар мен негізгі борышты төлеуге арналған шығыстар тарифті есептеу кезінде ескеріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі