"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 29 мамырдағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 маусымда № 34444 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген штаттарында:

      ескертпелерде:

      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

      "13. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";

      "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 2-тарауда:

      "Мектеп-балабақша" кешендерінде:

      ескертпелерде:

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. "Мектеп-балабақша" кешендерінің бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";

      Жалпы білім беретін мектептерде:

      ескертпеде:

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жалпы білім беретін мектептердің бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";

      Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар), эксперименттік алаңдарда:

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе:

      Лицейлердің, гимназиялардың (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар), эксперименттік алаңдардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";

      Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар және әскери мектеп-интернаттарда:

      ескертпелерде:

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар және әскери мектеп-интернаттардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";

      Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда:

      ескертпелерде:

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";

      Өнер мектептері, колледждері (училищелері) жанындағы интернаттарда:

      ескертпелерде:

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мектеп жанындағы интернаттардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 3-тарауда:

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында:

      ескертпелерде:

      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";

      "Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 4-тарауда:

      ескертпелерде:

      мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:

      "18. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.";

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарының қызметкерлерінің үлгі штаттары." деген 7-тарауда:

      ескертпеде:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Н. Жумадильдаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі