"Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің ә

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 маусымда № 34436 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесінде:

      орыс тіліндегі тақырыптың мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтері (бұдан әрі - Әдістеме) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тағам және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерін анықтау";

      оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесіне 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесіне 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Оқу-жаттығу процесі мен
спорттық іс-шаралар кезеңінде
спортшыларды, оның ішінде
барлық санаттағы әскери
қызметшілерді және құқық
қорғау және арнаулы
мемлекеттік органдардың
қызметкерлерін тамақтандыру
және фармакологиялық
қамтамасыз ету нормативтерінің
әдістемесіне
2-қосымша";

      оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесіне 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Оқу-жаттығу процесі мен
спорттық іс-шаралар кезеңінде
спортшыларды, оның ішінде
барлық санаттағы әскери
қызметшілерді және құқық
қорғау және арнаулы
мемлекеттік органдардың
қызметкерлерін тамақтандыру
және фармакологиялық
қамтамасыз ету нормативтерінің
әдістемесіне
3-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
Е. МАРЖИКПАЕВ

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ 111 Бұйрыққа
қосымша
  Оқу-жаттығу процесі мен
спорттық іс- шаралар кезеңінде
спортшыларды, оның
ішінде барлық санаттағы әскери
қызметшілерді және құқық
қорғау және арнаулы
мемлекеттік органдардың
қызметкерлерін тамақтандыру
және фармакологиялық
қамтамасыз ету нормативтерінің
әдістемесіне
1-қосымша

Оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын спортшылардың тамақтану нормалары

р/с№

Спорт түрлерінің атауы

1 адамға шаққандағы тәулік ішіндегі күш-қуат шығыны, каллориямен

1 күнге 1 адамға арналған азық-түліктің орташа нормасы, граммен

Бір адамға шаққандағы тәулік ішіндегі шығыс нормасы, теңге

1.

Ашихара-каратэ, аударыспақ, батуттық гимнастика, биатлон, бирма бокс, бокс, белбеу күрес, велосипед спорты, велосипед спорты (тас жол), велосипедтік мотокросс (BMX), велотрек, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, есу слаломы, грек-рим күресі, грэпплинг (AIGA нұсқасы), грэпплинг UWW, джиу-джитсу, дзюдо, жекпе-жек, әйелдер күресі, қазақ күресі, каратэ (WKF), шинкиокушинкай каратэ, кҰкушин будокай каратэ, каратэ-до кекушин, каратэ-до шотокан, кҰкусин-кан каратэ-до, кекушинкай каратэ, кикбоксинг, киокушинкай-кан каратэ, комбат дзю-дзюцу, конькимен жүгіру спорты, жеңіл атлетика, шаңғы жарыстары, маунтинбайк, мейбукан годзю-рю карате-до, муайтай (муай, тай боксы), панкратион, пара велоспорт, паракаратэ, пара дзюдо, пенчак силат, жүзу, ашық суда жүзу, су асты спорты, қоян-қолтық ұрыс, спорттық гимнастика, жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА), сноуборд, спорттық самбо және жауынгерлік самбо, таеквондо ИТФ (I.T.F.), таэквандо WT, таеквон-до GTF, ауыр атлетика, унифайт, ушу, фристайл, шорт-трек, Nomad MMA

7 000 дейін

Нан өнімдері (ұн, ұнға есептегендегі нан және макарон, жармалар)

537

3 айлық есептік көрсеткішке дейін

Картоп

410

Әртүрлі көкөністер

548

Жас жемістер, оның ішінде

924

жеміс шырыны

114

кептірілген жемістер

43

Жаңғақтар (грек, миндаль, фундук және басқалар) оның ішінде

100

балмен грек жаңғақтары

43

Қант

150

Өсімдік майы

46

Жұмыртқа

52

Сүт өнімдері (сүт, сүтке есептегендегі ашыған сүт), оның ішінде

2657

сүзбе

42

қаймақ

50

кілегей

15

ірімшік

24

сары май

51

Ет өнімдері

535

Балық өнімдері

195

Өзге өнімдер (шай, кофе, ашытқылар, тұз, бұрыш және сол сияқты)

13

2.

Альпинизм, американдық футбол, қол күресі, әртістік жүзу (үйлесімді жүзу), асық ату, аэробты гимнастика, баскетбол, баскетбол 3х3, биатл, бодибилдинг, бочча, брейкинг, су добы, волейболды отырып ойнау, қол добы, гір спорты, голбол, гольф, тау шаңғысы спорты, жамбы ату, индорхоккей, классикалық волейбол, көкпар, лазер-ран, шаңғы қоссайысы, үстел теннисі, мұздағы хоккей жұбы, желкенді қайық спорты, пауэрлифтинг, жағажай волейболы, тәжірибелік ату, президенттік көпсайыс (полиатлон), шаңғымен тұғырдан секіру, нысана көздеу, регби, спорттық құзға өрмелеу, спорттық туризм, спорттық бағдарлау, стенд ату, садақ ату, жылжымалы нысана көздеу, қазіргі бессайыс, тенге ілу, теннис, триатл, триатлон, семсерлесу, конькимен мәнерлеп сырғанау, футбол, футзал, көгалдағы хоккей, допты хоккей, шайбалы хоккей, черлидинг, эстетикалық топтық гимнастика

5700 дейін

Нан өнімдері (ұн, ұнға есептегендегі нан және макарон, жармалар және бұршақтар)

677

2,3 айлық есептік көрсеткішке дейін

Картоп

300

Әртүрлі көкөністер

621

Жас жемістер, оның ішінде

669

жеміс шырыны

143

қант

68

Өсімдік майы

51

Жұмыртқа

60

Сүт өнімдері (сүт, сүтке есептегендегі ашыған сүт), оның ішінде

2908

сүзбе

32

кілегей

4

қаймақ

54

ірімшік

24

сары май

69

Ет өнімдері

401

Балық өнімдері

100

Өзге өнімдер (шай, кофе, ашытқылар, тұз, бұрыш және сол сияқты)

17

3.

Авиация спорты, автомотоспорт, бадминтон, бәйге, бильярд, варминтинг, делбеші спорт, керлинг, киберспорт, ат спорты, ордабасы, құсбегілік, паралимпиадалық мәнерлеп жүру, петанк, өрт сөндіру және өрттен құтқару, суға секіру, радиоспорт, шана спорты, скейтбординг, снайпинг, пилондағы спорт, спорттық акробатика, көркем гимнастика, спорттық балық аулау, спортинг, кеме модельдеу спорты, би спорты (спорттық би, қазіргі заманғы би, арбадағы би, спорттық-би хореографиясы), тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы

4900 дейін

Нан өнімдері (ұн, ұнға есептегендегі нан және макарон, жармалар, бұршақ)

541

1,7 айлық есептік көрсеткішке дейін

Картоп

262

Әртүрлі көкөністер

544

Жас жемістер, оның ішінде

713

жеміс шырыны

114

Қант

92

Өсімдік майы

47

Жұмыртқа

51

Сүт өнімдері (сүт, сүтке есептегендегі ашыған сүт), оның ішінде

2287

сүзбе

42

қаймақ

46

ірімшік

15

сары май

48

Ет өнімдері

417

Балық өнімдері

135

Өзге өнімдер (шай, кофе, ашытқылар, тұз, бұрыш және сол сияқты)

7,3

      Ескертпе: тамақтану нормалары спорттағы дарынды балаларға арналған мектем-интернаттары, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждер, спорт колледждері бойынша, сондай-ақ Ұлттық штаттық құрама командалар және спорт резерві дирекциясының, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының штаттық құрама командаларының мүшелері - спортшылардың оқу-жаттығу сабақтары болмаған күндері осы Әдістеменің 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Тамақтану нормалары республикалық ұйымдар бойынша ең жоғары шығыстар бойынша қамтамасыз етіледі.

      Спортшылардың тамақтану нормалары олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерімен ортақ атаулары бар паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлеріне қолданылады.