"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлеке

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 мамырда № 34414 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары";

      1, 2 және 3-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарының құжаттарды қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      3. Құжаттарды қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізуді ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші педагогикалық қызметкерлер, әкімшілік-басқару және оқу-көмекші қызметкерлерден қабылдау комиссиясын құрады.

      Қабылдау комиссиясының құрамына қабылдау комиссиясының төрағасы, техникалық хатшы, тіркеушілер, ғимараттың сыртқы және ішкі аумағын бақылайтын кезекшілер, аудитория кезекшілері, тестілеу әкімшілері, медщициналық қызметкерлер, ақпараттық технология мамандары кіреді.";

      5 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдайды және оларды осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы 8 - тармақта көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Құжаттар сәйкес болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттама береді.

      Конкурсқа қатысуға арналған рұқсаттаманың екі данасына және қолхатқа тіркеуші немесе техникалық хатшы, заңды өкіл және/немесе үміткер алдын ала қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен/мөртабанымен расталады. Қол және мөр/мөртабан қойылмаған рұқсаттама жарамсыз болып табылады. Рұқсаттаманың бір данасы мен қолхатты тіркеуші немесе техникалық хатшы үміткердің жеке ісіне тігеді, рұқсаттаманың екінші данасы үміткерге не оның заңды өкіліне тапсырылады.

      Техникалық хатшы құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде мәліметтерді енгізу арқылы Бірыңғай ақпараттық білім беру ортасында (бұдан әрі - БАБО) үміткерлердің дерек қорын қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасының 8 - тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      6. Қабылдау комиссиясының төрағасы емтихан материалдарын қалыптастыру және буып-түю үшін тестілеу аудиторияларындағы үміткерлердің саны туралы ақпаратты 7,8,9-сыныптар үшін конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 35 (отыз бес) күн бұрын ұсынады.";

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4 -қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:

  ""Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру
ұйымында дарынды балалардың
оқуына ақы төлеу үшін
Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен" білім
беру грантын тағайындауға
арналған конкурсқа қатысу үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
1-қосымша/
  "Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру
ұйымында дарынды
балалардың оқуына
ақы төлеу үшін
Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен" білім
беру грантын тағайындауға
арналған конкурсқа қатысу
үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Қабылдау комиссиясына
ата-анадан
(өзге заңды өкілден)
Тегі__________ Аты_________
Әкесінің аты ________
Тұрақты тіркелген
мекенжайы_______________
Тұрғылықты (нақты) тұратын
мекенжайы __________________
Телефон нөмірі ______________
Жеке куәлік № _______________
Берген (кім және қашан)
_____________________

Өтініш

      Менің балам ___________________________________________________

      (Т.А.Ә., толық)

      туған жылы________, _____________________қаласындағы _________________

      бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқыту __________тілінде

      жүргізілетін ___ сыныбында оқу үшін өткізілетін конкурстық іріктеуге

      қатысуына рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Осымен менің балам бөлінген гранттар шегінде оқу үшін конкурсқа осы

      мектепке берген өтінішпен қатысатыны туралы "Назарбаев Зияткерлік

      мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу

      үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын

      тағайындау қағидаларының және оның мөлшерлерінің талаптарымен

      танысқанымды растаймын.

      ________________ "____" __________________________

      (қолы)             (өтінішті тапсыру күні)

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ филиалдарында оқуға үміткердің сауалнамасы

      _______________________________________________________________

      Тегі (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік бойынша)

      _______________________________________________________________

      Аты/ Әкесінің аты/ (туу туралы куәлік немесе жеке куәлік бойынша)

Азаматтығы


Туған күні


Ұлты


Конкурсқа қатысу үшін таңдаған Назарбаев Зияткерлік мектебі


Сынып

_______________________________
болжанып отырған оқу сыныбын көрсетіңіз

Оқу тілі

_______________________________
болжанып отырған оқу тілін көрсетіңіз

Қай мектептен келді

______________________________
Мектептің толық атауы мен орналасқан жері

Байланыс деректері

үй телефоны ________________
ұялы телефоны ______________
e-mail ______________________

      ___________________ Заңды өкілдің қолы

      Ата-аналары, қамқоршылары туралы мәліметтер:

Туысқандық дәрежесі/

Әкесі

Анасы

Қамқоршылары

Аты-жөні, туған жылы




Азаматтығы




Жұмыс/оқу орны, қызметі




Үй, жұмыс телефоны, жергілікті жер коды




Мекенжайы бойынша деректер*

Елді мекені/

Тұратын орны

Тіркелген орны

Облыс



Қала



Аудан



Ауыл



Көше, шағын ауданы



Үй



Пәтер



      * Байланыс, мекенжай деректеріңіз өзгерген жағдайда 5 күн ішінде қабылдау комиссиясының мүшелерін ескерту қажет

      _____________________________________ Заңды өкілдің қолы

      Мен _______________________________________________________

      Ата-анасының/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты

      _________________________________________________________

      (бұдан әрі - үміткер) Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты

      ата-анасы/заңды өкілі осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың

      толық және нақты болып табылатынын растаймын.

      Біле тұра жалған немесе толық емес деректерді беру үміткердің конкурстан шығып қалуына, сондай-ақ тағайындалған жағдайда "Өркен" білім беру грантынан айыруға әкеп соғатыны маған мәлім.

      Мен төмендегі:

      - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидаларының;

      - Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру қағидаларының талаптарымен;

      - Зияткерлік мектептері оқушыларының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес іскерлік, классикалық болып табылатын бірыңғай мектеп формасы мен оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптармен таныстым.

      Мен, үміткерге Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындаған жағдайда "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Зияткерлік мектептерде белгіленген барлық ережелерді орындауға міндеттене отырып, оның ішінде үміткердің сыртқы келбеті және бірыңғай мектеп формасын кию міндеттемесіне қойылатын талаптарды орындауға кепіл беремін.

      Жоғарыда көрсетілген талаптар мен міндеттемелер орындалмаған жағдайда оқушының Зияткерлік мектептердің құқықтық актілерінде көрсетілген тәртіптік шараларға тартылуына және оның Зияткерлік мектебінен шығарылуына дейін алып келетіні маған мәлім.

      Конкурсқа қатысу барысында алған сауалнамалық деректерді, конкурстық іріктеу нәтижелерін шетелдік әріптестерге, мемлекеттік органдарға, сарапшыларға және өзге де мүдделі ұйымдарға беруге, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ интернет-ресурсында орналастыруға қарсы емеспін.

      Мен үміткердің дербес және биометриялық мәліметтерін жинақтауға, өңдеуге келісемін.

      Үміткердің конкурстық іріктеуге қатысуына дербес жауапкершілікте боламын және үміткердің конкурстың барлық шарттары мен талаптарын сақтауын, сондай-ақ конкурсқа делдалдардың қатысуынсыз тікелей өз бетінше қатысуын қамтамасыз етуге міндеттенемін. Үміткердің конкурстан өту кезінде конкурстың кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауап беретін ұйымдардың қызметкерлерімен ізетті болуға міндеттенемін.

      Күні ____________________ Қолы _________________

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
2-қосымша/
  "Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру
ұйымында дарынды балалардың
оқуына ақы төлеу үшін
Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен" білім
беру грантын тағайындауға
арналған конкурсқа қатысу үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну әдістері

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайды. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушыға) тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі - жұма аралығында сағат 12.30-дан 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. nis. edu. kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Министрліктің www. edu. gov. kz интернет ресурсында ("Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде) орнастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім және толтырылған сауалнама;
2) туу туралы куәлік немесе жеке куәлік (болған жағдайда) не үміткердің цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), жеке куәлік не заңды өкілдің цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) егер үміткер ағымдағы оқу жылын аяқтамаса және оқуын жалғастырса бірінші жартыжылдықтағы, Зияткерлік мектепте оқу сыныбының алдындағы өткен оқу жылындағы үміткердің үлгерімі мен мінез-құлық табелінің көшірмесі. Қажетті құжаттар басшының қолымен және тиісті білім беру ұйымының мөрімен куәландырылуы тиіс.
Орта білім беру ұйымдарының 7-9 сыныптарында оқитын үміткерлердің, оқу бағдарламасының және білім беру деңгейінің айырмашылығына байланысты сыныптары Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдарының сыныптарынан ерекшеленуі мүмкін шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептердің оқушыларын қоспағанда келесі оқу жылында көрсетілетін қызметті берушінің ұқсас сыныбында қайта оқуға үміткер болуға құқығы жоқ.
4) шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарының бағдарламасы мен бағалау шәкiлiнен ерекшеленетiн бiлiм беру бағдарламасы мен бағалау шәкiлiн оқу мектебінің бағдарлама мазмұны мен бағалау шәкілін түсiндiретiн оқу үлгерімі туралы табельге ресми хаттарды қоса бередi (баға транскрипті);
5) 1 Мбайттан (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі 3х4 см өлшемдегі өтініш берушінің цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында үміткердің суретін түсіру. Фотосурет алдыңғы жағынан жеңіл фонда, бет-әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түсірілу керек, онда бет фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 75%-ын алу қажет. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған кескіндерді пайдалануға жол берілмейді. Суретке түсіру кезінде бас киім мен көзілдірік киюге жол берілмейді. Көздер ашық, анық көрінуі және шашпен жабылмау қажет. Фотосурет өлшемі кемінде 450 x 600 пиксель, ажыратымдылығы дюйміне 600 пиксель (дюйм) болуы керек.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін "Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www. nis. edu. kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 77777.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
3-қосымша/
  "Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім беру
ұйымында дарынды балалардың
оқуына ақы төлеу үшін
Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен" білім
беру грантын тағайындауға
арналған конкурсқа қатысу үшін
құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының ___________ қаласындағы _______________________ бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің _____ сыныбында білім алу үшін конкурсқа қатысатын үміткердің рұқсат қағазы

АТӘ:


Үміткердің
фотосы

ЖСН:


ТЖК:


Туған күні:


Сыныбы;




 

Оқу тілі:

__________



Құжат №:

__________



Ауысым: _____________
Тест өткізілетін аудитория: ________________






Тест 2 күн өткізіледі (Астана қаласының уақытымен)







"_____" _______ 20____ ж.

"_____" _______ 20____ ж.

Тіркеу уақыты:
_______________________

Тіркеу уақыты:
________________________


Үміткердің тестке келуі туралы белгі:

1-інші күн



2-інші күн



 

      Тіркеушінің қолы:_______________________ Күні:_________