"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен м

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 мамырдағы № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 мамырда № 34396 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйесі) – есептеуіш және коммуникациялық жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, лингвистикалық құралдарды, ақпараттық ресурстарды, жүйелік персоналды және осы жүйеде белгіленген қағидалар бойынша өзара іс-қимыл жасайтын қатысушылар мен пайдаланушыларды қамтитын, сондай-ақ осы жүйенің белгіленген функцияларын орындаудың ақпараттық технологиясын іске асыратын құрылымдалған кешен;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты – жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;

      8-2) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты – өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты;";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Портал мен ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң) 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Электрондық паспорттар жүйесі мен ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 38-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тіркеу іс-қимылы және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және машиналарға арналған нөмірлік белгіні беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) ақпараттық жүйе операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор еркін нысанда техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған тіркеу пунктіне (көрсетілетін қызметті берушіге) қол қойдырады.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі ‒ Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Министрлік және тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      16. Тіркелген машиналарға тіркеу пункті (көрсетілетін қызмет беруші) "Механикалық көлік құралдарының жекелеген түрлеріне және олардың тіркемелеріне арналған жарықты шағылыстыратын жабыны бар мемлекеттік тіркеу белгілері. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1176 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес дайындалған тиісті үлгідегі техникалық паспорттар мен нөмірлік белгілер береді. Бір машинаға бір нөмірлік белгі беріледі.

      Бұл ретте техникалық паспорттар бланкілерінің сериясында және нөмірлік белгілерде қолданылатын Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының латын транскрипциясындағы әріптік белгілерінің тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылады.

      Тіркеу құжаттары мен машиналардың нөмірлік белгілерінің жұмсалуы сериялар мен олардың цифрлы нөмірлерінің өсу тәртібімен ақпараттық жүйеде жүргізіледі.

      Келіп түсетін және шығарылатын нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың саны осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналында көрсетіледі.

      Нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналы, сондай-ақ тіркеу құжаттарының бланкілері мен нөмірлік белгілер машинаның тіркелген орны бойынша сақталады.

      Толтыру кезінде бүлінген тіркеу құжаттарының бланкілері, одан әрі пайдалануға жарамсыз нөмірлік белгілер оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құралдармен және тәсілдермен кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті актілер жасалады.

      Нөмірлік белгілерді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуді тіркеу пункті (көрсетілген қызметті беруші) жүргізеді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Машиналарды қайта тіркеу:

      1) меншiк құқығы өзгерген;

      2) машиналардың ортақ меншiк құқығы пайда болған, тоқтатылған және ортақ меншiк иелерінің құрамы өзгерген;

      3) машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген;

      4) машина атына тiркелген жеке тұлғаның аты, әкесiнiң атын (бар болса), тегi не заңды тұлғаның атауы өзгерген;

      5) машинаны қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнайы жабдық орнату және осыған ұқсас өзге де өзгерістер салдарларынан оның типі өзгерген жағдайларда жүргізіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Бердалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 21 мамырдағы
№ 170 бұйрығына
қосымша
  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тіркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн
ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүріп өту
мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды мемлекеттiк
тiркеу қағидаларына
2-қосымша

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері:
1. Машиналарды тіркеу.
2. Машиналарды қайта тіркеу.
3. Машиналарды тіркеу есебінен шығару.
4. Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алу.
5. Ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
6. Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпарат беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)
өтініштерін қабылдау:
1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
"Машиналарды тіркеу", "Машиналарды қайта тіркеу", "Машиналарды тіркеуден шығару", "Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кіші түрлері бойынша, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің кіші түрі бойынша тіркеу құжатындағы ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
"Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің кіші түрі бойынша, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратты өзектендіру (түзету)" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің кіші түрі бойынша ақпараттық жүйеде ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) портал арқылы – 1 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) беру немесе машиналарды есептен алу туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама немесе ақпараттық жүйедегі ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы хабарлама немесе тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы үзінді-көшірме не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік баждар мен алымдар мөлшері:
1) тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт бергені үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
2) тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бергені үшін – 1 АЕК-ні;
3) механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені мемлекеттік тіркегені үшін – 0,25 АЕК-ні;
4) механикалық көлік құралын немесе тіркемені қайта тіркегені үшін – 0,25 АЕК-ні;
5) механикалық көлік құралын немесе тіркемені мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін – 0,25 АЕК-ні құрайды.
Порталда мемлекеттік баждар мен алымдарды төлеу порталда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

7

Мемлекеттік қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен – сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодеске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
машиналарды тіркеу кезінде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат;
6) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындалуы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме;
7) машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:
өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының көшірмесі немесе өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортының көшірмесі / өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты;
сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі ("Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 (бұдан әрі – № 6 шешім) шешімдеріне сәйкес);
8) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы осы ұйымның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған бұйрығы (өкімі);
Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан немесе республикадан тыс жерлерден келетін машиналарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру кезінде:
1) осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) техникалық паспорттың түпнұсқасы;
3) жалға беру, қосалқы жалдау, өтеусіз пайдалану, лизинг, қосалқы лизинг, сенімгерлік басқару, шаруашылық жүргізу, қарыз шарты немесе машиналарды иелену және (немесе) пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат, ал уақытша әкелінген машиналар үшін ‒ машина уақытша тіркеуге қойылатын учаскенің немесе аумақтың иеленушінің (иесінің) келісімі;
4) машиналарды республикадан тыс жерлерден әкелген кезде – кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);
машиналарды қайта тіркеген кезде:
меншік құқығы өзгерген немесе ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ иелерінің құрамы өзгерген немесе машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген, машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша немесе машина тіркелген тұлғаның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат;
5) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
нөмірлік агрегаттарды қайта жабдықтау немесе ауыстыру, арнайы жабдықты орнату және өзге де осындай өзгерістер салдарынан машинаның түрі өзгерген жағдайларда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат;
5) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі "Механикалық көлік құралдарының жекелеген түрлеріне және олардың тіркемелеріне арналған жарықты шағылыстыратын жабыны бар мемлекеттік тіркеу белгілері. Техникалық шарттар" ҚР СТ 1176 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік стандарт) талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде (машинаны кәдеге жаратудан, бас тартудан, есептен шығарудан, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге ауыстырудан басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы әрекеттерді қоспағанда):
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындауы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алған кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
4) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат;
кәдеге жаратуға жататын машиналарды есептен шығару (шығарып тастау, есептен шығару) кезінде:
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша өтініш;
2) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі;
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша өтініш;
2) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі;
3) есептен шығару актісі (тіркеу құжаттары немесе сынған машиналардың мемлекеттік нөмірлік белгісі болмаған жағдайда, өтініштерде олардың жоғалу жағдайлары, орны мен уақыты көрсетіледі);
ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратты өзектендіру (түзету) үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;
2) техникалық паспорттың көшірмесі (тіркеу құжатындағы ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін – техникалық паспорттың түпнұсқасы);
3) ауыл шаруашылығы техникасына өндіруші зауыттың құжатының немесе өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортының көшірмесі / өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты;
машиналар кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпаратты алу үшін:
1) осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш.
2. Порталға жүгінген кезде:
машиналарды тіркеген кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Экологиялық кодекстің 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын электрондық құжат;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес ресімделген шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот шешiмiнiң, қаулының, сот орындаушысының мемлекеттiк органның орындауы тиіс іс-әрекеттерi туралы хабарламасының сот куәландырған көшiрмесi бар атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);
5) машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:
өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының электрондық көшірмесі немесе өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортының электрондық көшірмесі/ өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты;
сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі (№ 6 шешімге сәйкес);
6) заңды тұлғаның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы заңды тұлға бұйрығының (өкімінің) электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан немесе республикадан тыс жерлерден келген машиналарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру кезінде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) техникалық паспорттың түпнұсқасы (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);
3) жалға беру, қосалқы жалдау, өтеусіз пайдалану, лизинг, қосалқы лизинг, сенімді басқару, шаруашылық жүргізу, қарыз немесе машиналарды иелену және (немесе) пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттардың электрондық көшірмелері, ал уақытша әкелінген машиналар үшін ‒ машина уақытша тіркеуге қойылатын учаскенің немесе аумақтың иесінің (иесінің) келісімі;
4) республикадан тыс жерден машиналарды әкелген кезде ‒ кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);
машиналарды қайта тіркеу кезінде:
меншік құқығы өзгерген, ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ меншік иелерінің құрамы өзгерген, машина иеленушінің (меншік иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген жағдайларда, машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша, машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайларда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес ресімделген шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот шешiмiнiң, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттiк органның орындауы тиіс іс-әрекеттерi туралы хабарламасының сот куәландырған көшiрмесi бар атқару парағы;
қайта жабдықтау немесе ондағы нөмірленген агрегаттарды ауыстыру, арнайы жабдықты орнату және өзге де осыған ұқсас өзгерістерге байланысты машинаның типі өзгерген жағдайда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі (Мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда), тіркеу құжаты, нөмірлік белгі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш берген кезде ұсынылады);
машиналарды есептен шығару кезінде (машиналарды кәдеге жаратудан, бас тартудан, есептен шығарудан, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге ауыстырудан басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы әрекеттерді қоспағанда):
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) машиналардың меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, олар:
азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес жасалған келісімдер, мәмілелер, анықтамалар, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот шешiмiнiң, қаулының, сот орындаушысының орындауға жататын мемлекеттiк органның әрекеттерi туралы хабарламасының сот куәландырған көшiрмесi қоса берiлген атқару парағы;
тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алған кезде:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
кәдеге жаратуға (жарамсыз деп тану, есептен шығару) жататын машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде:
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжаты, нөмірлік белгі (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетіледі);
заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмірлік белгі (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетіледі);
3) есептен шығару актінің электрондық көшірмесі (тiркеу құжаттары немесе кәдеге жарату машиналарының мемлекеттiк белгiлерi болмаған жағдайда, мәлімдемелерде олардың жоғалу жағдайлары, орны мен уақыты көрсетіледі);
ауыл шаруашылығы техникасы туралы ақпаратты өзектендіру (түзету) үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) техникалық паспорттың электрондық көшірмесі (тіркеу құжатындағы ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін – техникалық паспорттың түпнұсқасы (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу кезінде көрсетілетін қызметті берушіге беріледі));
3) ауыл шаруашылығы техникасына өндіруші зауыт құжатының электрондық көшірмесі немесе өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортының электрондық көшірмесі / өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты;
машиналарда кепілдің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпаратты алу үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу немесе дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, сондай-ақ машиналарды тіркегені үшін бюджетке алымдар мен алымдарды төлеу туралы мәліметтерді ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайда, тіркеу пунктінің қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты туралы мәліметтерді тіркеу пунктінің қызметкері көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінен алады.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратуға жол берілмейді.
Меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң атынан өкiлдер тiркеу iс-әрекеттерiн жүзеге асырған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушiге осы тармақта белгiленген құжаттардан басқа, меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Бұрын Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудеболған автокөлік мемлекеттік тіркелуі тиіс болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа алдыңғы тіркеу құжаты ұсынылады, алайда осы құжаттың ұсынылмауы мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Машиналарды тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-шараларын жүргізу кезінде меншік иесі болып табылмайтын тұлғаларға меншік құқығын растайтын мына құжаттар ұсынылады:
шарт (жалға алу, қосалқы жалдау, лизинг, қосалқы лизинг, кепілдік) және машинаны қабылдау актісі;
меншік иесі қол қойған (жеке тұлғалар үшін), заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған (заңды тұлғалар үшін) машина иесінің тиісті тіркеу әрекетін жасауға меншік иесінің жазбаша келісімі.
Тіркеу әрекеттері жүргізілетін машина ортақ меншікте болса, онда барлық меншік иелері тіркеу құжаттарында көрсетіледі және барлық құжаттар машинаның барлық иелерінің атынан беріледі. Жеке тұлғалардың ортақ мүлкін иеліктен шығарудың негізі нотариалды куәландырылған мәміле болып табылады.
Меншік иелері 14 жасқа толмаған кәмелетке толмаған азаматтар болып табылатын жағдайларда, олардың атынан тіркеу әрекеттерін заңды өкілдер электронды немесе қағаз түрінде туу туралы куәлікті ұсына отырып жүзеге асырады.
Меншік иелері 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалар болып табылатын жағдайларда, тіркеу әрекеттерін осы адамдар заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлікті ұсына отырып жүзеге асырады.
Машиналарды заңды және жеке тұлғалар аукциондар мен сауда биржалары арқылы сатып алған жағдайда: аукционның хаттамасы және уәкілетті тұлғалардың қолдары қойылған сатып алу-сату шарты ұсынылады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы (1414), 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тіркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн
ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүріп өту
мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды мемлекеттiк
тiркеу қағидаларына
мемлекеттік қызметті
көрсетудің негізгі
талаптарының тізбесіне
қосымша
  1-нысан
  (жеке тұлғалар үшін)

      (кімге)____________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың

      және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы)

      (кімнен) азамат ____________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      туған жылы _______________________________________________________

      мекенжайы _______________________________________________________

      (тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі)

      паспорт (жеке куәлік) № ___________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________

Өтініш

      _________________________________________________________________

      ________________________________________________________сұраймын.

      Машинаның типі ______________________ маркасы ____________________

      шығарылған жылы ________________________________

      зауыттың нөмірі__________________ қозғалтқыштың маркасы ___________

      нөмірлік белгісі ____________, техникалық паспорт нөмірі ______________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса ұсынамын:

      1.________________________________________________________________

      2.________________________________________________________________

      3.________________________________________________________________

      20___ жылғы " " ____________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      __________________________________________________________________

                  (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      Инженер-инспектордың қызметтік белгілері:

      Берілді: нөмірлік белгі _____________________________________________

      техникалық паспорт сериясы ________ № ___________________________

      20___ жылғы " " ____________

      __________________________________________________________________

      (инженер-инспектордың қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  2-нысан
  (заңды тұлғалар үшін)

      Кімге ____________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың

      және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мекенжайы)

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________

Өтініш

      _________________________________________________________________

      ________________________________________________________сұраймын.

      Машинаның типі __________________ маркасы ________________________

      шығарылған жылы ____________________ зауыттың нөмірі_______________

      қозғалтқыштың маркасы ______________ нөмірлік белгісі _________,

      техникалық паспорт нөмірі _________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса ұсынамын:

      1. _______________________________________________________________

      2. _______________________________________________________________

      3. _______________________________________________________________

      20___ жылғы " " ____________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _________________________________________________________________

      (меншік иесінің (иеленушінің) қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      Инженер-инспектордың қызметтік белгілері:

      Берілді: нөмірлік белгі _____________________________________________

      техникалық паспорт сериясы ________ ______ _________________________

      20___ жылғы " " ____________

      _________________________________________________________________

      (инженер-инспектордың қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)