"Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 мамырда № 34387 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31053 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарында:

      Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауына арналған өлшемшарттарда:

      реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

4

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 тіркелген) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 45 %-дан жоғары, гимназиялар - 50 % -дан жоғары;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер - 30 %-дан жоғары

5

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 35% -дан 44 % аралығында, гимназиялар –40%- дан 49% аралығында;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер – 25%-дан 29% аралығында

4

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25%-дан 34 % аралығында, гимназиялар –30%-дан 39% аралығында;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан 24% аралығында

3

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25 % -дан төмен, гимназиялар –30% -дан төмен;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан төмен

2

5

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 тіркелген) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер - 55 %-дан жоғары, лицейлер - 60 %-дан жоғары, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 50%-дан жоғары, гимназиялар үшін 60 %-дан жоғары, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 50%-дан жоғары,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 65 %-дан жоғары, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда);
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер 35 %-дан жоғары

5

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер -45% -дан 54 % аралығында, лицейлер - 50%-дан 59 % аралығында, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 40%-дан 49% аралығында, гимназиялар үшін 50%-дан 59 % аралығында, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 40%-дан 49% аралығында,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 55%-дан 64% аралығында, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда);
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер 30%-дан 34 % аралығында

4

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер -35%-дан 44 % аралығында, лицейлер - 40%-дан 49 % аралығында, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі30%-дан 39% аралығында, гимназиялар үшін 40%-дан 49 % аралығында, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 30%-дан 39% аралығында,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 45%-дан 54% аралығында, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда);
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер 25%-дан 29 % аралығында

3

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер -35%-дан төмен, лицейлер - 40 %-дан төмен, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі30%-дан төмен, гимназиялар үшін 40 %-дан төмен, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 30%-дан төмен,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 45%-дан төмен, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда);
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін мектептер 25 %-дан төмен

2

      ";

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауға арналған өлшемшарттарда:

      реттік нөмірлері 4, 5, 6, 7, 8 және 9-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

4

Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері үшін даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар (жұмысшы біліктіліктерін қоспағанда) бойынша педагогтердің жалпы санынан)

100 %

5

85 - 99 %

4

70 - 84 %

3

70 %-дан төмен

2

5

Даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндері бойынша педагогтердің үлесі (жұмысшы біліктіліктері үшін)

100 %

5

75 - 99 %

4

50 - 74 %

3

50 %-дан төмен

2

6

Даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі

100 %

5

75 - 99 %

4

50 - 74 %

3

50 %-дан төмен

2

7

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушідің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесі (техникалық және кәсіптік білім беру үшін)

100 %

5

65 - 99 %

4

30 - 64 %

3

30 %-дан төмен

2

8

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушідің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесі (орта білімнен кейінгі білім беру үшін)

100 %

5

70 - 99 %

4

40 - 69 %

3

40 %-дан төмен

2

9

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар (мамандық бойынша педагогтердің) бойынша педагогтер санынан ұйымдарда және/немесе өндірісте көлемі соңғы 3 жылда төменінде 36 сағат тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтерімен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі

100 %

5

55 - 99 %

4

10 - 54 %

3

10 %-дан төмен

2

      ";

      реттік нөмірі 14-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

14

Білім алушылар контингентіне қатысты оқу жұмыс жоспарына сәйкес, оның ішінде даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша толық оқу кезеңіне оқу тілдері бойынша оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы

100 %

5

95 - 99 %

4

80 - 94 %

3

80 %-дан төмен

2

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев