"Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық р

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 86 және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № 162 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 мамырда № 34347 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23867 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шiлдедегi № 263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шiлдедегi № 400 бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

      "20. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған өндіруші Операторға алдыңғы ай ішінде сатып алушылардан пайдаланудан шығарылған автомобиль көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын, Қазақстан Республикасында өндірілген, Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдік алу құқығын көздейтін, оларды беру тәртібі оператормен анықталатын, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат (бұдан әрі – жеңілдік сертификаттары) алғанын растайтын құжаттарды қоса беріп, Қазақстан Республикасында өндірілген экологиялық таза автомобиль көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға берген жеңілдікті қаржыландыруды беру туралы өтінішті (оператормен келісілген нысанда) қағаз және (немесе) электронды (оператордың ақпараттық жүйесі арқылы және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесінің) түрде айына екі рет ұсынады".

      Жеңілдіктің мөлшері жеңілдік сертификатында көрсетіледі және теңгемен көрсетілген соманы білдіреді.

      Жеңілдік сертификаты ол берілген кезден бастап бір жыл ішінде қолданылады және 2025 жылғы 18 қаңтарға дейінгі мерзімге жарамды 2021 жылғы 19 қаңтардан 2022 жылғы 18 қаңтарға дейін берілген жеңілдік сертификаттарын қоспағанда оның берілген кезінен бастап үш реттен артық өзге тұлғаларға берілмейді. Өзге тұлғаларға сертификатты беру оның қолдану мерзімін өзгертпейді.

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген экологиялық таза автомобиль көлік құралын және (немесе) экологиялық таза өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдік бір сатып алынатын автомобиль көлік құралына бір бірлігіне екіден аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігіне төрттен аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша жинақталады".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
_______К. Шарлапаев
      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
________Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі