Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 20 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 мамырда № 34344 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:

      қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23101 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері мынадай мөлшерде белгіленсін:

      банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін –100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін – 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге.

      Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы міндеттемелерді шегергенде коллекторлық агенттіктің активтері ретінде есептелетін соманы құрайды.

      Құрылатын коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшеріне ақы төлеуді растау мақсатында коллекторлық агенттік оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) сәтіне қарай мынадай құжаттарды ұсынады: коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына аударылғанын растайтын және есептік тіркеуден өту үшін өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) және бар болса, шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімі не одан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы берген үзінді - көшірме.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) Агенттіктің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Агенттіктің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 30 сәуірдегі
№ 20 қаулысына
Қосымша
  Пруденциялық нормативтерге
және микроқаржылық қызметті
жүзеге асыратын ұйымның
сақтауы мiндеттi өзге де
нормалар мен лимиттердi,
оларды есептеу
әдістемесіне
қосымша

Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген микроқаржы ұйымы активтерінің кестесі

Баптардың атауы

%-бен тәуекел дәрежесі

I топ

1.

Қолма-қол теңге

0

2.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы

0

3.

Тазартылған қымбат металдар

0

4.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қойылатын өзге де талаптар

0

5.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

0

6.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуропа Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютадағы салымдары

0

7.

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар

0

8.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

0

9.

Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразия Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген бағалы қағаздар

0

10.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

0

11.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

0

12.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ"-дан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар банктерге ашық ағымдағы шоттар бойынша талаптар

0

II топ

13.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің, тиісті рейтингтік бағалауы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы

20

14.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

20

15.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

20

16.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар ұйымдарындағы салымдар

20

17.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

20

18.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

20

19.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар

20

20.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

20

21.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

20

22.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА"-дан "АА-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA" -дан "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар микроқаржы ұйымы баланста ұстап қалатын секьюритилендіру позициясы

20

III топ

23.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты мақсаттарға берілген кепілмен қамтамасыз етілген микрокредиттер

50

24.

Тазартылмаған қымбат металдар

50

25.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

50

26.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

50

27.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі ұйымдардағы салымдар

50

28.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар ұйымдардағы дебиторлық берешек

50

29.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

50

30.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

50

31.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

50

32.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

50

33.

Сомасы осы бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының кепілдіктері бар, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімінің "Негізгі" не "Баламалы" алаңдары "Борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған және келесі өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар:

50

1) эмитенттің бағалы қағаздарының бір шығарылымына салынған инвестициялар көлемі меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды;

2) бағалы қағаздар шығару валютасы – теңге.

34.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) "А+"-тен "А-"-ке дейін кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA+"-тен "kzA-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар және микроқаржы ұйымы баланста ұстайтын секьюритилендіру позициялары

50

35.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент-банктерге немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне ашылған ағымдағы шоттар бойынша талаптар

50

36.

"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар

50

IV топ

37.

Кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты мақсаттарға берілген кепілсіз микрокредиттер

100

38.

Берілген микрокредит сомасын толығымен жабатын автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген тұтынушылық микрокредиттер

100

39.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар

100

40.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+" -тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халық аралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

100

41.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент- ұйымдарындағы, Қазақстан Республикасының тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент- ұйымдарындағы және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар

100

42.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент- ұйымдарының, Қазақстан Республикасының тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент- ұйымдарының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+""-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарының дебиторлық берешегі

100

43.

Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі

100

44.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесіне ие бағалы қағаздар

100

45.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+" -тен "ВВ-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

100

46.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

47.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент-ұйымдар және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

48.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, не Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBBB-"-ке рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар микроқаржы ұйымы баланста ұстайтын секьюритилендіру позициялары

100

49.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне не Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ашылған ағымдағы шоттар бойынша талаптар

100

50.

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

100

51.

Негізгі қаражат

100

52.

Материалдық қор

100

53.

Сыйақы мен шығыстар сомасын алдын ала төлеу

100

V топ

54.

Тұтынушылық микрокредиттер, оның ішінде "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген, микрокредит сомасын толығымен жабатын кепілмен қамтамасыз етілген микрокредиттер

150

55.

Кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер

200

56.

Заңның 4-бабы 3-1-тармағына сәйкес берілген кепілсіз микрокредиттер

500

57.

Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, интернет арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, ұйымдарды қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері) меншікті капитал мөлшерінің 15 (он бес) пайызынан аспайтын акцияларға (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) инвестициялар

150

58.

Жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологиялар пайдаланыла отырып, қаржылық және (немесе) төлем қызметтерін көрсету мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, интернет желісі арқылы ақпараттық жүйе пайдаланыла отырып, қаржы ұйымдары немесе эмитенттер мен қаржылық қызметтерді тұтынушылар арасында қаржылық қызметтер көрсету жөнінде мәмілелер жасау мүмкіндігін беру бойынша қызметтер көрсететін, қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлесі) меншікті капиталының шамасынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын инвестициялары

1250

59.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

150

60.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

150

61.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент- ұйымдарындағы салымдар

150

62.

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар:

150

1) Андорра Князьдігі;

2) Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);

3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;

4) Багам аралдары достастығы;

5) Барбадос мемлекеті;

6) Бахрейн мемлекеті;

7) Белиз мемлекеті;

8) Бруней Даруссалам мемлекеті;

9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана);

10) Вануату Республикасы;

11) Гватемала Республикасы;

12) Гренада мемлекеті;

13) Джибути Республикасы;

14) Доминикан Республикасы;

15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана);

16) Индонезия Республикасы;

17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);

18) Кипр Республикасы;

19) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

20) Коста-Рика Республикасы;

21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);

22) Либерия Республикасы;

23) Лихтенштейн Князьдігі;


24) Маврикий Республикасы;


25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);

26) Мальдив Республикасы;

27) Мальта Республикасы;

28) Маршалл аралдары Республикасы;

29) Монако Князьдігі;

30) Мьянма Одағы;

31) Науру Республикасы;

32) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);

33) Нигерия Федеративтiк Республикасы;

34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

35) Палау Республикасы;

36) Панама Республикасы;

37) Самоа Тәуелсiз мемлекетi;

38) Сейшел аралдары Республикасы;

39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi;

40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;

41) Сент-Люсия мемлекеті;

42) Тонга Корольдiгi;

Ангилья аралдары;

Бермуд аралдары;

Британдық Виргин аралдары;

Гибралтар;

Кайман аралдары;

Монтсеррат аралы;

Теркс және Кайкос аралдары;

Мэн аралы;

Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);

44) Филиппиндер Республикасы;

45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

63.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарының және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент-ұйымдардың дебиторлық берешегі

150

64.

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарының дебиторлық берешегі:
1) Андорра княздігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдарының достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана;
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Княздігі;
24) Маврикий Республикасы;
25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Княздігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
38) Сейшель аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралдары;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппиндер Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

65.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар

150

66.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

150

67.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

68.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

69.

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
1) Андорра Князьдігі;
2) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана;
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Маврикий Республикасы;
25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
33) Нигерия Федеративтік Республикасы;
34) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
35) Палау Республикасы;
36) Панама Республикасы;
37) Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Теркс және Кайкос аралдары;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

150

70.

Микроқаржы ұйымы баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

350

  Салымдардың кредиттік
тәуекел дәрежесі бойынша
мөлшерленген микроқаржы
ұйымы активтерінің кестесіне
қосымша

Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті микроқаржы ұйымы активтерінің есебіне түсіндірме

      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысында бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) шегере отырып, салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге жататын активтер микроқаржы ұйымының балансы бойынша енгізіледі.

      2. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, микроқаржы ұйымында түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген микроқаржы ұйымының активтері кестесінің (бұдан әрі – Кесте) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес микроқаржы ұйымында түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.

      Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:

      қамтамасыз ету ретінде берілген салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына;

      қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;

      қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.

      Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.

      3. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасын шегере отырып) активтердің есебіне енгізіледі.

      Салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      4. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша микроқаржы ұйымының активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

      5. Кестенің 54-тармағында көрсетілген активтер берілген микрокредит сомасын толық өтейтін автокөлік құралы кепілімен қамтамасыз етілген тұтынушылық микрокредиттерді қоспағанда, тұтынушылық микрокредиттерді, оның ішінде Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген, микрокредит сомасын толық өтейтін кепілмен қамтамасыз етілген микрокредиттерді қамтиды.

      6. Кестенің 55-тармағында көрсетілген активтер Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген кепілсіз микрокредиттерді қоспағанда, кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерді қамтиды.