"Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 2 мамырдағы № 173-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 мамырда № 34337 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18861 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16 және 17-жолдармен толықтырылсын:

      "

16

"ATAMEKEN BUSINESS"


17

"НТК"


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков