"Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 мамырда № 34336 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғарғы білім
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі

 
2024 жылғы 3 мамырдағы
№ 134 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 49 бұйрығына
2-қосымша

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі

Білім беру саласының атауы

Ұлттық сыныптауыштың 01-2017 қызметтердің тобы

Кәсіптің атауы

Денсаулық сақтау

2217-4-001

Дәрігер-нейрохируг

2211-7-002

Дәрігер-гематолог

2211-7-004

Дәрігер-онколог

2215-2-002

Дәрігер-неонатолог

2212-1-001

Дәрігер-эндокринолог

2212-7-001

Анестезиолог-реаниматолог

2214-8-001

Дәрігер акушер-гинеколог

2215-1-001

Дәрігер-педиатр

2216-3-002

Сәулелік диагностика дәрігері

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

2145-9-005

Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші

2145-9-006

Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші

2145-9-007

Фармацевтика өнеркәсібінің инженер-технологы

2146-9-006

Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші

2144-4-023

Авиациялық инженер

2144-5-003

Ғарыш жүйесін аппараттық-бағдарламалық қамсыздандыру жөніндегі инженері

2149-9-001

Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер

2149-9-002

Лазерлік жабдық жөніндегі инженер

2149-9-011

Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші

2149-9-012

Инженер-медициналық радиохимик

2149-9-013

Инженер-медициналық физик

2149-9-015

Тоқыма шикізатының классификаторы

2131-5-001

Бактериолог

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі салаларында

2521-2-001

Ақпараттық технологиялық-инфрақұрылымының архитекторы

2511-3-001

Бағдарламалық қамсыздандыру архитекторы

2512-1-007

Бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші

2512-1-008

Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман

2512-2-003

Мобильді қосымшаларды әзірлеуші

2512-3-001

Компьютерлік ойындарды әзірлеуші

2519-9-001

Жасанды интеллект жөніндегі инженер

2521-1-003

Үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман

2523-0-006

Ақпараттық жүйелер сәулетшісі

2519-9-002

Қосымшалар бағдарламашысы

2511-2-001

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бизнес-талдаушы

2512-1-001

Бағдарламалық қамтылым дизайнері

2512-1-003

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жобаларының менеджері

2524-0-003

Ақпаратты қорғау жөніндегі инженері

2529-0-001

Бұлтты есептеу жөніндегі маманы

2141-3-001

Автоматтандыру жөніндегі инженер

2512-2-001

World Wide Web-әзірлеуші

2512-1-005

Бағдарламашы-талдаушы

2317-0-003

Оқытушы, доцент, ақпараттық-технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету профессоры, жоғарғы оқу орны

2524-0-007

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман

2522-0-003

Сервер әкімшісі

2512-2-004

Қосымшалар әзірлеушісі

2524-0-006

Ақпаратты қорғау жөніндегі маман

Педагогикалық ғылымдар

2338-1-001

Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс)

Креативті индустрия саласында

2166-1

Графикалық дизайнер

2166-2

Графикалық анимация технигі

2651-3-004

Суретші-иллюстратор

3521-2-004

Дыбыс инженері

3521-3-003

Бейнемонтажер