"Діни қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 165-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 сәуірде № 34304 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабындағы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабындағы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Жамбыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 4 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Н.К. Несіпбеков тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі Е. Қыдыралыұлы