"Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 сәуірде № 34269 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Абай облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Жаңасемей, Мақаншы, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бородулиха ауданында.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Алматы облысында – Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Алатау қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алматы қаласының Бостандық ауданында.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шығыс Қазақстан облысында – Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Марқакөл, Үлкен Нарын, Тарбағатай аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алтай, Глубоковское, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында.";

      Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында және Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін жыл сайынғы демалыс ұзақтығы "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      _________________________

      _________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      ___________________________

      ___________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      _________________________

      _________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      __________________________

      __________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      _________________________

      _________________________