"Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйры

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 сәуірде № 34239 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

      287-тармақтың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар деректерді өңдеу орталықтарын сатып алу немесе салу, деректерді өңдеу орталықтары үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін сатып алу.";

      мынадай мазмұндағы 335-1-тармақпен толықтырылсын:

      "335-1. Осы Қағидалардың 287-тармағының 38) тармақшасына сәйкес жасалған шарт бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 9 сәуірдегі
№ 193 бұйрыққа
қосымша

  Ұлттық әл-ауқат қоры
мен Ұлттық әл-ауқат қорының
ұйымдарын қоспағанда,
квазимемлекеттік сектордың
жекелеген субъектілерінің
сатып алуын жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша

______жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық жоспары /_____ жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдын ала жоспары / _____ жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары (көрсетілген мәндердің бірін таңдау)

      Жалпы мәліметтер

Тапсырыс беруші БСН

Тапсырыс берушінің атауы

Қаржы жылы

1

2

3




      Сатып алу жоспары

Жоспар тармағының типі

Сатып алу нысанасының түрі

Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)

1

2

3

4

5

6







      жалғасы

Қосымша сипаттама
(қазақ тілінде)

Қосымша сипаттама (орыс тілінде)

Сатып алу тәсілі

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Бірлік бағасы, теңге, қосылған құн салығы есебінсіз
(ҚҚС)

7

8

9

10

11

12







      жалғасы

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге, қосылған құн салығы есебінсіз
(ҚҚС)

Бес жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома

Бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге

Бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге

Бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома, теңге

Бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома, теңге

Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)

13

14

15

16

17

18

19

20

21











ӘАОС

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақтілінде)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыстілінде)

Аванстық төлем мөлшері, %

Сатып алу бастамашысының атауы

Ескертпе

22

23

24

25

26

27







      Жалпы мәліметтер:

      1) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақ – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);

      2) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақ - ұйымның толық атауы көрсетіледі;

      3) "Қаржы жылы" деген жолақта – сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы көрсетіледі.

      Сатып алу жоспары:

      1) "№" деген жолақта – веб-портал айқындайтын сатып алудың сәйкестендіру коды;

      2) "Жоспар тармағының түрі" деген жолақта-жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:

      Қаржы жылынан аспайтын сатып алулар;

      Қаржы жылынан асатын сатып алулар;

      Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;

      3) "Сатып алу нысанасының түрі" деген жолақта - сатып алу нысанасының түрі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет) көрсетіледі;

      4) "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;

      5) "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.;

      6) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) көрсетіледі.;

      7) "Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)" деген жолақта – сатып алу нысанасының қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);

      8) "Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу нысанасының орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);

      9) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – сатып алуды өткізу тәсілі көрсетіледі;

      10) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алу нысанасының өлшем бірлігі көрсетіледі.;

      11) "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;

      12) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде сатып алу нысанасының бірлігі үшін баға көрсетіледі;

      13) "Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақтың мәнін "бірлік үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;

      14) "Бес жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің бірінші жылына жоспарланған сома көрсетіледі;

      15) "Бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;

      16) "Бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;

      17) "Бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;

      18) "Бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;

      19) "Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта-сатып алуды өткізу жоспарланған ай көрсетіледі;

      20) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі қазақ тілінде көрсетіледі;

      21) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі орыс тілінде көрсетіледі;

      22) "ӘАОС" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақлік объектілер сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;

      23) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны қазақ тілінде көрсетіледі;

      24) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны орыс тілінде көрсетіледі;

      25) "Аванстық төлемнің мөлшері, %" деген жолақта - жоспарланған аванстық төлемнің мөлшері көрсетіледі.