"Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 61/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 сәуірде № 34226 болып тіркелді

      "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 29 шілдедегі № 342 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізуге БҰЙЫРАМЫН:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шағын көлемді кемелердің жекелеген типтері – тіркеу құжаттары бар және жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу орындарында күтіп ұсталатын немесе тіркеуі жоқ заңды тұлғалардың болатын орындарына сәйкес кемежайда, айлақта, орналасу пунктінде және тұрақты тұратын орындары жоқ қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар) мен мұз үстімен жылжитын құралдар;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кемелердің жекелеген типтері жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу орындарында немесе тіркеуі жоқ заңды тұлғалардың орналасқан орындарына сәйкес кемежайда, айлақта, орналасу пунктінде және тұрақты тұратын орындары жоқ жерлерде күтіп ұсталады.

      Көрсетілген шағын көлемді кемелердің жекелеген типтері аумақтық сулар (теңіз) мен ішкі суларға әрбір шығуларының алдында белгіленген орындарынан құрлық бойынша жағалауға иелік етуші тұлғамен жеткізіледі (көлікпен жеткізіледі).";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою иесінің жұмыс орны, тіркеу немесе тұрақты тұратын (тұрақты болу) жері, жеке тұлғаның туған жылы, әкесінің аты (ол болған жағдайда), аты, тегі көрсетілген иесінің жазбаша өтінішінің сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген құжаттың негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің Қазақстандық шағын көлемдіөздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін тіркеу журналына тиісті мәліметтерді енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      Заңды тұлға құжаттарды ұсынатын тұлғаға белгіленген үлгіде ресімделген сенімхатты және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәлікті қосымша ұсынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою, иесінің орналасқан орны немесе өтініш қабылдаған күнгі тіркелу орнының (тұрақты өмір сүретін жерінің) мекенжайымен құжаттың тиісті бетінің оң жақ астыңғы бұрышына Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің анықтама үшін мөртабан қоюмен бекітіледі.".

      "4-қосымшада кестенің 4-бағанындағы "Тұрғылықты жері / тұрақты болатын орны" сөздері" "Тұрғылықты жері бойынша тіркеу" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Ерғалиұлы Алдажұмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев