БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстеріне (бұдан әрі – ҚАК) сәйкес әрбір сотталғанға мекеме түрiнiң өзгеруі, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуға (бұдан әрі – ШТМББ) өтініш беру не болмаса жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру (бұдан әрі – НЖЖА), жазаны өтеудiң бiр жағдайынан басқасына ауыстыру тәртiбi түсіндіріледі.".
43 - тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мекеме әкімшілігі бұл ретте сотталған адамға босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімделу үшін қажет "Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 482 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32806 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 482 бұйрық) бекітілген нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмектің жеке бағдарламасын жасайды, ол сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға жіберіледі.".
Мынадай мазмұндағы 51-1, 51-2 және 51-3-тармақтармен толықтырылсын:
"51-1. Егер мекеме әкімшілігі сотталған адамның жеке баспанаға немесе туыстарымен тұруға мүмкіндігі болмау фактілерін анықтаған жағдайда, мекеме әкімшілігі бас бостандығынан айыру мерзімі өткенге дейін екі айдан кешіктірмей сотталған адам босатылғаннан кейін кететін елді мекенде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында уақытша тұру үшін орынды алдын ала дайындау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға босату туралы хабарламаны, сондай-ақ № 482 бұйрыққа сәйкес жеке бағдарламаны, денсаулық жағдайы туралы анықтаманы (флюорография, АИТВ) қайта жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей мекеме әкімшілігін тұрғын үй беру мүмкіндігі не оның жоқтығы туралы хабарлайды.
51-2. Сотталған адамды тандаған кету орны бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында орналастыру мүмкіндігі болмаған кезде, мекеме әкімшілігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бес жұмыс күнінен кешіктірмей, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету шеңберінде сотталған адамға "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі - № 263 бұйрық) босатылғаннан кейін уақытша тұру үшін жақын маңдағы басқа елді мекенді таңдауды ұсынады.
Мекеме әкімшілігі сотталған адам таңдаған өңірдің жергілікті атқарушы органына оны тұрғылықты жері бойынша қабылдау мүмкіндігінің жоқтығы туралы жергілікті атқарушы органдардың жауабы мен № 263 бұйрыққа сәйкес нысан бойынша сотталған адамның өтінішін қоса тіркей отырып, осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат жолдайды.
51-3. Сотталған адам босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуға қажеттілігіне көмек сұраған кезде мекеме әкімшілігі оны жұмысқа орналастыру қажеттілігі туралы хабарламаны дереу білім деңгейін және дағдыларының бар-жоғын көрсете отырып жергілікті атқарушы органдарға (босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына) жібереді. Басқа жағдайларда жұмысқа орналасуға мұқтаж сотталған адамдарға хабарлама сотталған адамның жаза мерзімі өткенге дейін екі айдан кешіктірмей жергілікті атқарушы органдарға (босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына) жіберіледі.
Жергілікті атқарушы органдар (босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына) хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей мекеме әкімшілігін жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру немесе ондай мүмкіндіктің болмауы туралы хабардар етеді.".
52-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығынын шектеу түріндегі жазамен ауыстырылған сотталған адамға мекеме әкімшілігі оны есепке қою үшін ішкі істер органына және пробация қызметіне жету маршруты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына баруы туралы ұйғарым бередi, сондай-ақ пробация қызметіне оған мінездеме беретін материалдар жібереді.".
"Мекеме әкімшілігі сотталған адамды босату кезінде Қылмыстық-атқару кодексінің 168-бабының талаптарына сәйкес оның жергілікті атқарушы органдарға жүгіну құқығын түсіндіру бойынша, атап айтқанда, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысының талаптарына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу бойынша жұмыстар жүргізеді.".
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 29-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр внутренних дел Республики Казахстан |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 28 наурыздағы № 273 бұйрығына қосымша |
|
Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасына 29-қосымша |
|
Нысан |
Ұйым хатының бланкісі
___________________________ | |
(Мемлекеттік органның атауы) |
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңның 27-бабы 1-тармағының 17-5) тармақшасының, сондай-ақ"Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығының талаптарына сәйкес, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында көрсетілген бұйрықтың 4-қосымшасының 3,4-тармақтарына сәйкес Сізден ҚАЖ мекемесінен
____________________________________________
(босатылатын күні, мекеменің №)
босатылатын сотталған ________________________________________________
(Т.А.Ә)
таңдаған кету орны бойынша, сондай-ақ осы өңірде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін әлеуметтендіру орталығында оны орналастыру мүмкіндігің болмауына байланысты ____________________ әлеуметтік бейімдеу және оңалту
(кету өңірін көрсеті)
үшін есепке қою және уақытша болуға қабылдауды сұраймыз.
_____________ облысы бойынша
ҚАЖД №__ мекемесінің бастығы
______________________ _______ _________________________
(арнаулы атағы) (қолы) (Т.А.Ә., болған жағдайда)