Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 85 бұйрығына

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 наурызда № 34098 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20327 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      4-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) уран және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде:

      уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарт немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия;

      тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы.

      мемлекеттік орман қоры учаскелерін уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру үшін пайдаланған кезде жер қойнауын игерудің алғашқы үш жылы бойы пайдаланылатын учаскенің екі есе мөлшерінде орман екпелерін өтемдік (кесілетін тұқымдарға ұқсас) отырғызуды және орман көмкерген алаңға ауыстырылғанға дейін оларды күтіп-ұстауды жүргізуге орман мекемесімен шарт жобасы.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі