"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен ком

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 6/9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 қыркүйекте № 7581-15 болып тіркелді

      Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 47/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6411 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібінде және мөлшерінде:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік қолдау мамандарға жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Асанова