"Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қарашада № 7635-15 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 14-1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2023 жылғы 30 мамырдағы № 5-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7173-07 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихатының төрағасы А. Нургалиев