"Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 67 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 1748 болып тіркелді

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;";

      1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев