Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 35 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 ақпанда № 9936 болып тіркелді

      Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-179 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

      КЕЛІСІЛДІ

      Лисаков қалалық

      сайлау комиссиясы

  Лисаков
  қаласының әкімдігі
  2023 жылғы 15 ақпандағы
  № 35 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2011 жылғы 16 ақпандағы
  № 86 қаулысына
  қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Лисаков қаласы

1-шағын аудан:
№ 10 өндірістік ғимаратының жанындағы тұғырлық,
№ 3 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық,
№ 32 коммуналдық қызмет көрсету нысаны жанындағы тұғырлық,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
2-шағын аудан:
№ 32 сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
3-шағын аудан:
№ 2 А сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
№ 26 сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
4-шағын аудан:
№ 26 сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің № 4 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
5-шағын аудан:
№ 4 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
6-шағын аудан:
№ 1 тұрғын үйдің жанындағы тұғырлық,
№ 1 А құрылыс сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің № 6 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта
7-шағын аудан:
№ 8 А қоғамдық ұйым нысаны жанындағы тұғырлық

2

Октябрь кенті

"Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тұғырлық,
Алматы көшесіндегі № 31 сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
Уральский көшесіндегі № 62 В сауда нысаны жанындағы тұғырлық,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта