Жаңаөзен қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 9/80 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 4648-12 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 14/113 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 14/113 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаөзен қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов