Қармақшы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 53 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 шілдеде № 8429-11 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қармақшы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Қошалақов