"Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 65 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 қазанда № 6494-09 болып тіркелді

      Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6446-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов