"Облыс әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 51 қаулысы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 87 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 мамырда № 5027 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыс әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыс әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Н. Нуржигитов