Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI "Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 7-182/VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 178-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 14-251/VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 10.04.2024 № 14-251/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8048 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
      А. Омаров