Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 57/12-7 "Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 8/2-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 мамырда № 8560-03 болып тіркелді

      Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосшы қаласы мәслихатының "Қосшы қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 14 сәуірдегі 57/12-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27670 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      6-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдарға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) 25 қазан – Республика күні:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ең төмен зейнетақы алатын және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға (бұдан әрі – құғын-сүргінге ұшыраған адамдар), осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.";

      7-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, бір рет, 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, бір рет, жолдама құнының 35% мөлшерінде және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға бір рет, жолдама құнының толық мөлшерінде Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емделу шығындарын өтеу үшін санаторлық-курорттық картаның, қызметтерді көрсету туралы шарттың, орындалған жұмыстар актісінің, шот-фактура мен төлем туралы түбіртектің негізінде;";

      7-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) медициналық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге уәкілетті орган, оқу орны мен студент арасында жасасқан үшжақты келісімшарттың, оқу орнынан анықтаманың, аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын құжаттың негізінде, бір рет, толық бір жылдық оқу құнының мөлшерінде;";

      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдарға, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Мать-героиня" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Материнская слава" медальдарымен наградталған көп балалы аналарға, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, 53 жасқа толған, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге қала маңындағы жолаушылар көлігі маршруттарында жол жүру шығындарын өтеу түрінде ай сайын, жол жүру құны мөлшерінде, өтініш бермей.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Куатбеков