"Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 115/17-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 85/10-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 қазанда № 1353-01 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 115/17-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1098 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешімінің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов