БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiне және оны тiркеуге қойылатын талаптар";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Тахографтарды орнатуды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын сервис орталықтарына (шеберханаларға) қойылатын талаптар";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметтің жүзеге асырыла басталғаны туралы хабарламаны берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу тәртібі";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау, дайындау және беру тәртібі";
137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"137. Жүргізуші карточкасы төрт жылғы мерзімге беріледі.";
140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"140. Тасымалдаушы карточкасы төрт жылғы мерзімге беріледі.";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі