"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қарашада № 33657 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-9) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-9) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялаудың тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 17 қарашадағы
№ 397 бұйрығына
қосымша
  Сақтандыру сыйлықақыларын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-ОСТ

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы ___ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

Сақтанушының/сақтандырушының атауы

Сақтанушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Сақтандыру шартының нөмірі және күні

Сақтандыру сыйлықақысының сомасы, теңге

Төленген субсидиялар сомасы, теңге

Оператордың арнайы шотындағы субсидиялар қалдығы, теңге

1

2

3

4

5

6

7























Жиыны:






      Атауы____________________________________________________________

      Мекенжайы_______________________________________________________

      Телефоны_________________________________________________________

      Электрондық почтасы_______________________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      ______________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Агроөнеркәсіптік
кешенде сақтандыруды
дамытуды мемлекеттік қолдау
шеңберінде берілген сақтандыру
шарттары бойынша
субсидиялардың нақты
пайдаланылғаны туралы есеп"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау шеңберінде берілген сақтандыру шарттары бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыруға арналған түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында сақтанушының/сақтандырушының атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында сақтанушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында сақтандыру шартының нөмірі және күні көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында сақтандыру сыйлықақысының сомасы көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында оператордың арнайы шотындағы субсидиялар қалдығы көрсетіледі.