"Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 қарашада № 33650 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақтың 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20) өнеркәсіптік кешен – өздерінің құрамында меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен бар генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына деген болжамды сұранысты Жүйелік оператор Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - ҚР БЭЖ) аймақтары бойынша бөле отырып, мынадай тәртіпте әзірлейді:

      1) осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға сәйкес келетін қосындысы ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарына кіретін облыстар үшін алдағы күнтізбелік жылдың әрбір айы үшін жеке есептеледі;

      2) осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға сәйкес келетін қосындысы ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағына кіретін облыстар үшін алдағы күнтізбелік жылдың әрбір айы үшін жеке есептеледі;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген қосындының көп бөлігі (бұдан әрі - ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының біріктірілген максимумы), сондай-ақ ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының біріктірілген максимумына сәйкес келетін ай (бұдан әрі - ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары максимумының айы) анықталады;

      4) осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген қосындының көп бөлігі (бұдан әрі - ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының біріктірілген максимумы), сондай-ақ ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының біріктірілген максимумына сәйкес келетін ай (бұдан әрі - ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағы максимумының айы) анықталады;

      5) ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары максимумының айы үшін осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға және ҚР БЭЖ-нің аталған аймағына сәйкес келетін қосындысы ретінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағының біріктірілген максимумы анықталады;

      6) ҚР БЭЖ-нің Солтүстік аймағының біріктірілген максимумының он жеті пайызға ұлғайтылған мәні ретінде ҚР БЭЖ-нің Солтүстік аймағы бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныс мәні анықталады;

      7) ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары максимумының айы үшін осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға және ҚР БЭЖ-нің аталған аймағына сәйкес келетін қосындысы ретінде ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағының біріктірілген максимумы анықталады;

      8) ҚР БЭЖ-нің Оңтүстік аймағының біріктірілген максимумының он жеті пайызға ұлғайтылған мәні ретінде ҚР БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныс мәні анықталады;

      9) ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының максимум айы үшін осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға және ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының аталған облыстарына сәйкес келетін қосындысы ретінде ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының біріктірілген максимумы анықталады;

      10) ҚР БЭЖ Батыс аймағының максимум айы үшін осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы қуат нарығының тұтынушылары Жүйелік операторға жіберген тұтыну бойынша болжамды өтінімдерінде көрсетілген тұтыну қуатының аталған айға және ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының аталған облысына сәйкес келетін қосындысы ретінде ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының Маңғыстау облысының біріктірілген максимумы анықталады;

      11) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының біріктірілген максимумының он жеті пайызға ұлғайтылған мәні ретінде ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша жиынтығында алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныс мәні анықталады;

      12) ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының Маңғыстау облысының біріктірілген максимумының он жеті пайызға ұлғайтылған мәні ретінде ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныс мәні анықталады;

      13) электр қуатына болжамды сұраныс алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға осы тармаққа сәйкес айқындалған ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша, ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша, жиынтығында ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша және барлық ҚР БЭЖ бойынша алдағы күнтізбелік жылға электр қуатына болжамды сұраныстардың мәндерін; ҚР БЭЖ, ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы, ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы, ҚР БЭЖ Батыс аймағы Батыс Қазақстан және Атырау облыстары, ҚР БЭЖ Батыс аймағы Маңғыстау облыстарының бірлескен максимумдарының мәнін көрсете отырып әзірленеді.

      Алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстардың белгілі мәндері және біріктірілген максимумдардың мәндері алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға арналған электр қуатына болжамды сұраныста ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.";

      42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "42. Жоғарылатуға арналған өтінім іске қосылу сәтіне өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінің және осы өтінімді орындау процесінде энергия өндіруші ұйым жасаған теріс теңгерімсіздіктің оң айырмасы өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінен 10 %-дан асқан кезде жүйелік оператор іске қосқан энергия өндіруші ұйымның жоғарылатуға арналған өтінімі орындалмаған деп есептеледі.

      Төмендетуге арналған өтінім іске қосылу сәтіне өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінің және осы өтінімді орындау процесінде энергия өндіруші ұйым жасаған оң теңгерімсіздіктің оң айырмасы өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінен 10 % - дан асқан кезде жүйелік оператор іске қосқан энергия өндіруші ұйымның төмендетуге арналған өтінімі орындалмаған деп есептеледі.

      Энергия өндіруші ұйымдардың жүйелік оператор іске қосқан жоғарылатуға арналған өтінімдерді және төмендетуге арналған өтінімдерді орындамауы жүйелік оператордың және тиісті энергия өндіруші ұйымдардың кезекші персоналының жедел журналдарында тіркеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі