"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу т

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 571 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 қарашада № 33624 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 78) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлікті (жетім балалар үшін), жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес өтініш берушінің (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

      2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, біреу немесе екі ата-анасының мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ қандастар;

      3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін – 2050") жобасы шеңберіндегі білім алушылар;

      4) "Алтын белгі" иегерлері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;

      5) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, білім беру ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бірінші курсқа оқуға қабылданған білім алушылар.

      Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеудің, білім беру ұйым өткізген пән бойынша немесе тестілеу түріндегі қабылдау емтихандарының қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес білім алушының материалдық жағдайы ескеріледі;

      6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс білім алушылары;

      7) ЖЖОКБҰ-ның өзге де білім алушылары.

      Мемлекет осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтарға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес жылына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген жиырма тоғыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шығыстарын өтейді.".

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерді, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығын негізгі талаптардың тізбесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етеді.";

      2-қосымшада: реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) қандас мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы туралы мәліметтер, (жетім балалар үшін), жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген), "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) өтініш берушінің (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

  ";

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларындағы 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      _____________________

      2023 ж. "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      _____________________

      2023 ж. "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      _____________________

      2023 ж. "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      _____________________

      2023 ж. "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      _____________________

      2023 ж. "__" ___________

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 9 қарашадағы
№ 571 бұйрығына қосымша/
Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының
жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_________________________
________________________
________________________
ЖЖОКБҰ атауы, оның
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (болған кезде)
________________________
________________________
________________________
білім алушының тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде)
толығымен
________________________
________________________
білім алушының курсы, тобы,
мамандығы, факультеті

Өтініш

      Сізден__________________________________________________________________

      ЖЖОКБҰ атауы

      жатақханасынан бір орын бөлуіңізді сұраймын.

      Келген жерім____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар тізбесі_________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға

      келісемін. 20___ ж. "___" ____________ _______________________________________

      білім алушының қолы