"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 803 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 қарашада № 33610 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығына (бұдан әрі - заттай нормалар) сәйкес сотталғандар киім-кешек мүлкімен, кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.

      Жатын үй-жайында көзге көрінетін жерде сотталғандардың жатын орындарының орналасу схемасы орнатылады.

      Өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және арнаулы жүрiп-тұру құралдарынсыз (кресло-арбалар) жүріп-тұра алмайтын бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мүмкіндік болған жағдайда жатақхана ғимараттарының бірінші қабаттарында тұрады.

      Жатын орындары ауыстырылмайды және перделенбейді.

      Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.

      Түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар мен төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылғандардан басқа сотталғандарға күн тәртіптемесімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануға жол берілмейді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Сотталғандар күн тәртiбiнде белгiленген уақытта жасақ, бригада бойынша жұмысқа тарату үшiн арнайы бөлiнген жерде сапқа тұрғызылады, бұл ретте карточкасы, тегi бойынша тексеру жүргiзiледi, олардың сыртқы пішіні және жынысы мен климаттық жағдайды ескере отырып, үлгісі "Сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 575 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33086 болып тіркелген) бекітілген маусым бойынша белгіленген киім нысаны (бұдан әрі – белгіленген киім нысаны) тексерiледi.

      Мекемеде пайдалануға көзделмеген заттарды, бұйымдарды және заттектерді алып өтуіне жол бермеу мақсатында сотталғандар тексеріледі немесе тiнтiледi.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ауыз сумен қамтамасыз ету, тамақты қоректік сипаттары мен құндылығы бойынша дайындау санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, заттай нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Сотталғандар сауқаттарды, сәлемдемелерді және бандерольдердi мекемеге келген кезден бастап ала алады.

      Сәлемдемелерді сондай-ақ кездесу ұсынған кезде ала алады.

      Ұзақ кездесулер кезінде алынатын сәлемдемелер жазаны өтеу шарттарына сәйкес тиісті сәлемдемелер санына енгізілмейді.

      Сотталғандардың атына ҚАК-тің 86, 136, 138, 140, 145 және 151-баптарында көзделген санынан асатын, сондай-ақ босатылған немесе қайтыс болған адамдардың атына сауқаттар мен бандерольдер келiп түскен кезде, олар кері қайтару себебін, төлем сомасын көрсете отырып, жөнелтушілерге қайтарылады. Басқа мекемелерге ауыстырылған сотталғандардың атына келген сауқаттар мен бандерольдер мекеменің есебiнен олардың жаңа ұсталатын жеріне жiберiледi.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов