"Жол жүру құжатының үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығының күшін жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 19 қазандағы № 756 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 қазанда № 33565 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағы және 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жол жүру құжатының үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8530 болып тіркелген).

      2) "Жол жүру құжатының үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 356 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 971 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19571 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің орынбасары И. Лепеха

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі