БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Мына:
1) табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға қойылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысу шарттарына сай келмеуі;
2) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алу;
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алу тікелей стратегиялық тауар өндірушілерден жүзеге асырылады.
Бұл ретте стратегиялық тауарларды сатып алу рәсімі осы Қағидаларға сәйкес конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.";
206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"206. Сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беруді табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар жобалаудың, құрылыстың нормативтік кезеңіне беріледі және оларды сәулет және қала құрылысы органдары мемлекеттік қала құрылысы кадастрына ұсынады.
Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін жарамсыз деп есептеледі.
Сәулет және қала құрылысы органының өтініші бойынша техникалық шарттарды беру табиғи монополия субъектісінің Заңның 24-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес оларды сәулет және қала құрылысы органына жіберуі арқылы осы тармақта белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 284-1-тармақпен толықтырылсын:
"284-1. Табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну қағидасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде:
1) мыналар:
резерв;
белгіленген қуат және (немесе) сыйымдылық;
бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың бар-жоғы;
желілердің өткізу қабілеттілігі;
орналасқан жері (елді мекен көшелерінің атауын көрсете отырып);
ұзындығы;
брондалған қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны және олардың брондау мерзімдері;
көрсетілетін қызметтерді түпкі тұтынушыларға ұсыну үшін технологиялық процесте пайдаланылатын қолданыстағы қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны туралы ақпаратты;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын машинамен оқылатын түрде орналастырады және (немесе) жаңартып отырады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі