БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32967 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 108-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
2023 жылғы 16 қазандағы № 442 бұйрығына қосымша/ |
|
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ЖОС-1.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы ________ айы.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-і күніне қарай.
Кесте. Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер
Жұмыс берушінің атауы | БСН/ЖСН | Субсидия сомасын аудару үшін жұмыс берушінің есеп айырысу шотының нөмірі | Қызмет көрсететін банктің атауы | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толығымен) | Еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Айдағы жұмыс күндерінің саны | Нақты жұмыс істеген күндер | Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері | Аударылған жалақының сомасы, теңге | Зейнетақы жарналарының сомасы | Бюджеттен өтемақы төленуге тиісті сома, теңге |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы: __________________________________ __________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___" ____________________.
Мөрдің орны
"Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.
3. Нысанға білім беру ұйымының басшысы не оның міндетін атқарушы адам, оның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып қол қояды.
4. Нысан есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне қарай ұсынылады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанның 1-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында субсидия сомасын аудару үшін жұмыс берушінің есеп айырысу шотының нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толығымен) көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында айдағы жұмыс күндерінің саны көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бағанында нақты жұмыс істеген күндердің саны көрсетіледі.
14. Нысанның 9-бағанында уақытша жұмысқа жарамсыздық күндердің саны көрсетіледі.
15. Нысанның 10-бағанында теңгемен аударылған жалақының сомасы көрсетіледі.
16. Нысанның 11-бағанында теңгемен зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.
17. Нысанның 12-бағанында теңгемен бюджеттен өтемақы төленуге тиісті сома көрсетіледі.