БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерiнің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерiнің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерiнің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 258 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6223 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
орыс тіліндегі бұйрықтың атауына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
бұйрықтың 3 қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
Жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбесі
№ р/с | Жануарлардың түрлері |
1. Сүтқоректілер: | |
1.1 | Қасқыр |
1.2 | Шибөрі |
1.3 | Киік |
2. Құстар: | |
2.1 | Қарға |
2.2 | Үлкен суқұзғын |
3. Балықтар: | |
3.1 | Жыланбас (арал-сырдария популяциясынан басқасы) |