БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынандай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
11-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) ұсыныстарды қарайды және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісу бойынша бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға түбегейлі емес сипаттағы, объектінің конструктивтік схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық немесе технологиялық жобалық шешімдеріне және бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер етпейтін өзгерістерді енгізу бойынша шешім қабылдайды, оларды кейіннен ресімдеп, сақтауға тапсырады.
Бұл ретте бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен салынып жатқан жобалар бойынша түбегейлі емес сипатта енгізілген өзгерістердің құны жалпы сметалық құнның 30% аспайды;";
2) "Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларында:
мынандай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын:
"16-2 Енгізілетін өзгерістердің сметалық құны "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларының 11-тармағының 19) тармақшасында көзделген жалпы сметалық құнның 30% асатын болса, онда жобалау-сметалық құжаттама түзетуге жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |