"Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының және оның ведомстволарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 13/67

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 10/264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 33415 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының және оның ведомстволарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 13/67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16844 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқарушысы
А. Дадебаев