"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 925 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қыркүйекте № 33382 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:

      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;

      2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;

      4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды ҚР ҰБ-да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;

      5) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетiн ақшаны жұмсауымен;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;

      7) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;

      8) қаржылық ұйымдардың, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;

      9) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға;

      10) және қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны пайдаланумен (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу шоттары);

      11) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызумен және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақылардың төлемін жүргізумен;

      12) мемлекеттік бағдарламаларды, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыруға арналған бюджет ақшасын және оларды пайдалануға (бұдан әрі – қаржылық және (немесе)қаржылық емес қолдау операторларының шоты);

      13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын жұмсауға (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздың ұлттық валютадағы шоты);

      14) қарыз алушылардың мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны жұмсауға (бұдан әрі – ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты);

      15) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына жіберілетін ақша түсімдерін (бұдан әрі – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шоты) есепке алуға және оларды "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Білім туралы заңы) сәйкес жұмсауға;

      16) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ақша түсімдерін (бұдан әрі – білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шоты) есепке алуға және оларды Білім туралы заңына сәйкес жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған;

      17) Арнаулы мемлекеттік қорға (бұдан әрі – Арнаулы мемлекеттік қордың шоты) жіберілетін ақша түсімдері және оларды "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – активтерді қайтару туралы Заң) сәйкес жұмсау;

      18) Арнаулы мемлекеттік қордың (бұдан әрі – тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнайы шоты) ақша түсімдері және оларды активтерді қайтару туралы Заңына сәйкес жұмсау.";

      140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Түсiмдердi тиiстi ҚБШ-да жинақтап, оларды кейiннен бөлу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ашылатын банкiшiлiк транзиттiк шот түсiмдердiң жинақ шоты болып табылады. Түсiмдердiң жинақ шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына төленетiн түсiмдер сомасын қайтару жүзеге асырылады.";

      141-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кейіннен тиісті ҚБШ-ларға есепке жатқыза отырып, түсімдер сомасын республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді жүзеге асырады;";

      143 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығымен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында бөлу кестесінің және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабының 3-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымдары тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің I кезеңі).";

      5-тарау мынадай мазмұндағы 1-3-параграфымен толықтырылсын:

      "1-3-параграф. Арнаулы мемлекеттік қордың шотына, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шотына түскен ақшаның түсуі және жұмсалуы

      144-11. Арнаулы мемлекеттік қор Бюджет кодексінің 52-4-бабында белгіленген түсімдер есебінен қалыптастырылады.

      Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылады.

      Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ активтерді қайтару туралы Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында орталық мемлекеттік органның арнаулы шотына республикалық бюджет комиссиясының шешімімен және әлеуметтік, экономикалық жобалардың бекітілген Тізбесімен қоса төлеуге берілетін шот негізінде аударылады.

      Тиісті саланың орталық уәкілетті органының арнаулы шотынан қаражат республикалық бюджет комиссиясының шешімімен және әлеуметтік және экономикалық жобалардың бекітілген Тізбесімен қоса төлеуге берілетін шот негізінде тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының арнаулы шотына аударылады.

      144-12. Арнаулы мемлекеттік қордың шотына түсетін түсімдер бойынша операциялар ҚР ББС сәйкес есепке алынады.

      144-13. Тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнаулы шотының қаражатын пайдалану активтерді қайтару туралы Заңның 32-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.

      Тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының арнайы шотының қаражатын пайдалануға байланысты төлемдер жүргізу осы Ереженің 6-тарауының 7-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      144-14. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының шотынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілетін шоттарды тексеруден тұрады:

      1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) көшірмелерінің немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрінің болуына;

      2) нысанды толық және дұрыс толтыру бойынша "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне төқлеуге берілетін шоттарды тексеруді білдіретін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.

      144-15. Арнаулы мемлекеттік қордың шотын, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының шоттарын ашу және жабу тәртібі осы Ереженің 4-тарауы 3 және 5-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      144-16. Арнаулы мемлекеттік қорының шоты қаражатының қалдықтары Бюджет кодексінің 104-бабы 3-1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.";

      148 тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Мемлекеттік кірістер органдары әкiмшiлiк ететiн негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдердi, трансферттер түсiмдерiн, бюджет кредиттерiн өтеудi, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдердi, қарыздар түсiмдерiн қоспағанда, салықтық емес түсiмдер сомасын қайтару және (немесе) есептеу үшiн қорытындыны бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi орган жасайды.

      Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органға төлеушiлерден төлеу орны бойынша төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесi қоса берiле отырып, жазбаша өтiнiш берiледi.";

      149-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 данада жасайды.";

      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға қорытынды жасаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын, қорытындыда қамтылған деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді және оларды сақталмағаны/сәйкессіздігі үшін жауап береді.";

      150-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "150. Мемлекеттік кірістер органы бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органнан ол әкімшілік ететін түсімдер сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытынды алған кезде 5 жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша).";

      үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган түсімдерінің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытындыны мемлекеттік кірістер органы осы Ереженің 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша. Мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік етпейтін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтару және (немесе) есептеу қорытындысын тіркеу журналында тіркейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі